«Мейіргер ісі» бөлімі

Республикалық жоғарғы медицина колледжінде 1947 жылдан бері «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқыту жүзеге асырылып келеді.

img 3093 1024x683 - Мейіргер ісі

 

2009 жылдан бастап «Мейіргер ісі» бөлімі қазақ және орыс бөлімдеріне бөлінді.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру       стандартына сай  модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі енгізілді. Білім алушылар  осы базалық модульда білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімін оқиды.

img 3115 1024x683 - Мейіргер ісі

Қазақ және орыс бөлімінде 0302043- «Жалпы практика мейіргері» біліктілігі оқытылады. Қазіргі таңда «Мейіргер ісі» мамандығында  9 және 11 сыныптардан кейін келген оқушыларды қабылдап «Жалпы практика мейіргері»  біліктілігі беріледі:

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай негізгі орта білім базасында (9 сынып) ;

                                                       2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында (11 сынып).

Біліктілік бойынша кәсіптік қызмет аясы:

  • медициналық мекемелерде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті қадағалау; науқастарға және күтімге мұқтаж жандарға күтім көрсету; өзінің құзіреттілік шегінде науқастарға қарапайым емшараларды жүргізу; медициналық мекемелерде зарарсыздандыру құралдарымен жұмыс істеу;
  • халі ауыр науқастарға, егде жастағы және қарт адамдарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) жандарға күтім көрсету;
  • өмірге қауіп төндірген дертке қарсы алдын-ала ерте зерттеу, тиімді емдеу, әлеуметтік, психологиялық және рухани көмектердің арқасында пациенттің қасіретін жеңілдету, әр адам өмірінің ақырына дейін құрметке бөлену дағдыларын  үйрету;
  • емхана және аурухана түріндегі емдеу-профилактикалық мекемелерінде, ғылыми зерттеу институттарында, санаторлы-курорттық мекемелерде, мектепке дейінгі балалар және білім беру мекемелерінде, сонымен қатар басқа да әлеуметтік қызмет көрсету аясындағы мекемелерде балалар мен ересек тұрғындарға қызмет ету;
  • салауатты өмір салтын насихаттау және алдын алу жұмыстарын жүргізу.
  • науқасқа күтім көрсетуде мейіргерлік процестің негізгі кезеңдерін құжаттау және іске асыру;
  • ауруханаларда дәрігердің тағайындауы бойынша профилактикалық, емдік, диагностикалық шараларды орындау;
  • кәсіптік қызметінде білімін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа технологияларды қолдануды үйрену;
  • коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын игеру;
  • зертханалық, функционалдық, аспаптық әдістермен зерттеуге науқасты дайындау және т.б.

img 5328 1024x683 - Мейіргер ісі

Қазіргі уақытта мейіргер бейнесі түбегейлі өзгерген, ғылыми тұрғыдан және тәжірибеден алсақ қазіргі мейіргер өз бетінше мейіргерлік шешім қабылдап, жоспарлап, нақты мейіргерлік күтім көрсететін, жаңа технологияларды меңгерген, сондай-ақ науқастың еміне байланысты мейіргерлік ой-пікірін толық білдіре алатын дәрігердің теңқұқылы серіктесі ретінде қабылданады. Сондықтан бүкіл әлемде мейіргер ісі мамандары тек негізгі техникалық және мамандандырылған білімімен тоқталмай, сонымен қатар бакалавр, магистратура және доктарантура деңгейінде білімін жетілдіруде.

img 3096 1024x683 - Мейіргер ісі

Колледжімізде  «Мейіргер ісі» бөлімшесіне кіре берісінен бастап оқу бағдарламасына сай, аурухана деңгейіне сәйкестендіріп  жабықталған.

img 5344 1024x683 - Мейіргер ісі

Мейіргер ісі бөлімінде заманауи технологиялармен жабдықталған, оқу үрдісіне сай  «Мейіргер ісі технологиялық» кабинеттері қолданылуда.

Білім беру       стандартына сай  білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесіне

– «Реабилитациядағы  мейіргер  ісі»

–  «Онкологиялық бейіндегі науқастарға паллиативтік көмек және күтім көрсету»

модульдік бағдарламасы жеке пән ретінде енгізілді және арнайы кабинет жұмыс жасауда.

img 5349 1024x683 - Мейіргер ісі

ba dag l azhyken yzy 768x1024 - Мейіргер ісі

Қазіргі таңда «Мейіргер ісі» мамандығының бөлім меңгерушісі Бағдагүл Қажыкенқызы Зейнолдина.

Зейнолдина Багдагүл Қажыкенқызы еңбек жолын 1994 жылы, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетін аяқтап, 20105 жылға дейін дәрігер-невропатолог қызметінде болды. 2005 жылдан бастап Республикалық медициналық колледжде «Жалпы медициналық пәндер» ЦӘК оқытушысы, ЦӘК төрағасы, «Жалпы медицина» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Багдагүл Қажыкенқызы оқушылардың оқу іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастырды, сабақта инновациялық әдістерді қолданды, білім алушылардың  арасында өзіндік жұмыс және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырды.

2016 жылдан бастап ол Республикалық жоғары медициналық колледждің «Мейіргер  ісі» мамандығының бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Барлық қажетті білім деңгейіне ие, сауатты және Республикалық конкурстардың жеңімпаздарын, WorldSkills ұлттық чемпионатының жеңімпазын дайындады.

Еңбек өтілімі барысында ол өзіне және әріптестеріне талап қоя отырып, өзін жоғары білікті маман ретінде танытты. Атқарушы, адал, тіл табысқыш, қайырымды. Ол бірнеше рет жақсы жұмысы үшін әкімшіліктің алғысымен ерекшеленді. Ол әріптестерінің арасында құрмет пен беделге ие.

Әр бөлімде оқу-әдістемелік жұмысы Циклдік-әдістемелік комиссияларының іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. «Мейіргер ісі»  бөлімінің  ЦӘК «Арнайы пәндер №1»   төрайымы болып қазіргі таңда Сазанбаева Анар Арынғазықызы жұмыс жасауда.

img 3126 kopija 1024x683 - Мейіргер ісі

Сазанбаева Анар Арынғазықызы

2014  жылдан бастап Республикалық медициналық колледжде «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің екінші санатты оқытушысы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап ол Республикалық жоғары медициналық колледжінің «Арнайы пәндер №1» ЦӘК төрайымы. Білім алушыларды  Республикалық сайыстарға дайындауда ҚР білім және ғылым  Министрлігінің сертификатына ие болды.

ЦӘК  «Арнайы пәндер №1» бөлімшесі  жоғары білікті, штаттық және қосалқы педагогикалық кадрлармен жасақталған.

whatsapp image 2021 03 15 at 12.56.31 1 1024x768 - Мейіргер ісі

Шабденова С.С.

«Мейіргер ісі негіздері» пәнінің жоғары санатты оқытушысы, еңбек өтілімі 28 жыл.

Білім алушыларды түрлі сайыстарға қатыстырып жүлделі орындарға ие болып, «Мейірім », «Еріктілер клубы» сияқты үйірмесін басқарып білім алушылармен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Клиникалық және кәсіптік практикадан білім алушыларға теориялық білім мен практикалық дағдыларды үйрететін  білікті оқытушы.

 

img 3122 1024x683 - Мейіргер ісіР.Д. Бектенов

«Мейіргер ісі негіздері» пәнінің екінші санатты оқытушысы

Кәсіби тәжірибесі жоғары,студенттерге сапалы клиникалық білім беру жолында үлесін қосып жүрген оқытушының бірі.

 

whatsapp image 2021 03 15 at 12.58.41 1 1024x768 - Мейіргер ісі

 

Смагулова Қ.С.

«Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы

 

 

 

img 5307 1024x683 - Мейіргер ісі

15 -18 сәуір 2019 ж.  аралығында «Республикалық жоғары медицина колледжінде»  « Медициналық және әлеуметтік күтім»  құзыреттілігі шеңберінде алғашқы рет  WorldSkills Almaty 2019  I Аудандық чемпионаты ЦӘК «Арнайы пәндер №1»  оқытушыларының ұйымдастыруымен  өтті.

img 5464 1024x683 - Мейіргер ісі

Тағы да айта кетсек,  ЦӘК «Арнайы пәндер №1»  оқытушылары ұйымдастыруымен «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі шеңберінде «WorldSkills RVMK-2020» – II колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

img 5539 1024x683 - Мейіргер ісі

«Мейіргер ісі» мамандығының білім алушылары түрлі сайыстардан жүлделі орын алып,  ай сайын, жыл сайын кәсіби біліктіліктерін  шыңдап отырады.

  «WorldSkills RVMK – 2019» , «WorldSkills Almaty – 2019» және «WorldSkills Kazakhstan – 2019» чемпионатының алтын медаль жүлдегері «Мейіргер ісі» мамандығын бітірген түлегі. Қазіргі таңда « Психикалық денсаулық орталығының»  мейіргері  Нұрсадық Нұрай Нүркенқызы.img 5516 1024x683 - Мейіргер ісі

whatsapp image 2021 03 16 at 13.43.31 2 1024x680 - Мейіргер ісі

Нуралиева Айнура «Мейіргер ісі» мамандығының студенті,  Алматы   «WorldSkills RVMK-2020» – II колледжішілік чемпионаттың І орын иегері, аудандық чемпионат үміткері.

img 5458 1024x683 - Мейіргер ісі

«Мейіргер ісі» мамандығының  студенттері қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы жетілдірілген,  қазіргі үрдістерге және мейіргерлік істің дамуына сәйкес оңтайлы, мейіргерлік практикада инновациялық технологияларды қолдана алады.

whatsapp image 2021 03 16 at 13.43.31 1 1024x679 - Мейіргер ісі