logos

13.04.2022 жылы «Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша дебат өтті. Ауа, су, жер – бізді қоршаған орта. Бүгінде олардың жағдайы апатты деп бағаланады, планета экологиялық дағдарысты бастан кешуде. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары қандай: Қазақстандағы ауаның ластануы Каспий теңізінің экологиялық проблемалары Қазақстанға да қатысты. Теңіз суларында қауіпті тенденция байқалады – ол өзін-өзі тазарту мүмкіндігін жоғалтып барады. Автомобиль көлігінің пайдаланылған газдарын азайту немесе тазарту, көліктің ескірген түрлерін көбірек экологиялық түрлерге ауыстыру қалалардың атмосферасын жақсартуға ықпал етеді. Атмосфераны жақсарту өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарын азайту арқылы мүмкін болады. Газ қалдықтарын тазартудың қуатты жүйелері бар. Өз ресурстарын жақсарту үшін Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын көптеген аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысады.

Дебат клубы

 

13.03.2022 ж.Бүгін Республикалық жоғары медицина колледжі, Алматы каржылык экономикалық колледжі, Алматы технология экономикалық колледжі және Д.А.Қонаев атындағы колледж «Дебат» клубының мүшелері арасында достық кездесу өтті. Алдымен Республикалық жоғары медицина колледжі мен Алматы қаржылық экономикалық колледжі піккірсайысшылары қазіргі таңда өзекті болып отырған ««Көгілдір экономиканың пайдасы» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Онда, «көгілдір экономика» тұжырымдамасының астарында не жатқанын түсіндіре отырып, Г. Паулидің «Көк экономика – 10 жыл, 100 инновация, 100 миллион жұмыс» кітабы туралы және «жасыл экономиканың» негізгі идеяларын одан әрі дамыту туралы айтылды. Осы мезетте, колледж пікірсайысшылары тек медицинадан ғана емес экономикадан да хабардар екендерін танытты. Алматы технология экономикалық колледжі мен Д.А.Қонаев атындағы колледж пікірсайысшылары «Криптовалютаның болашағы» жайында өз пікірлерін ортаға салды.

 

Дебат клубы

 

 

16 наурызда Республикалық жоғары медицина колледжі, Алматы қаржылық экономикалық колледжі және Алматы технология экономикалық колледжі Дебат клубының мүшелері дөңгелек үстел басында кездесті. Кездесу барысында алдағы уақытта достық қарым қатынас орнату мақсатында түрлі деңгейдегі пікір сайыстар өткізу туралы бір бірімен ой бөлісті.

Дебат клубы

РЖМК, АФЭК, АТЭК, Қонаев колледж дебатерлары достық кездесуде

Дебат клубы

30.12.21 ж Дебат клубының отырысы өтті. Онда «Гендерлік саясат туралы не білеміз?» деген тақырыпты қарастырылды. Пікірсайысшылар гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет екендігін айта отырып, Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіретіндігіне тоқталып кетті. Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттелетінін атап көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы туралы да жан-жақты өз көзқарастарын білдірді.

 

Дебат клубы

14.12.2021ж. колледж түлегі Адилбаева Аяжан Дебат клубына қонаққа келді. Пікір сайысшылармен өз тәжірбиесімен бөлісті.

Қазіргі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясында фельдшерлік қызмет атқаруда

Дебат клубы

 

Дебат клубы

28.04.2022 ж. пән апталығы аясында Дебат клубының мүшелері Жастар және патриоттық тәрбие тақырыбында пікірсайыс өтікізді.Пікірсайысқа төреші болып Дебат клубының бұрынғы мүшелері Алтаев Әлібек, Ердіханұлы Арман және Айдархан Мақсат келді.

 

Дебат клубы

Дебат клубы

Дебат клубы

Дебат клубы

Дебат клубы

 

Үйірме мүшелерінің тізімі

Аты-жөні

топ

курс

1

Амин Жансая

Лаб01-20

2

2

Мырзаханова Жансая

Лаб03-21

1

3

Ибатулла Нурай

Лаб01-21

1

4

 Әбіжан Ақерке

Е03-21

1

5

Оралбекова Жансая

Е03-21

1

6

Әбілбек Султан

Е04-21

1

7

Туржанова Ануар

Е04-21

1

8

Нурбекқызы Аяжан

Е04-21

1

9

Сыдық Нурсултан

Е04-21

1

10

Кабдолдина Жансая

Е01-21

1

11

 Тілеулинова Мулдер

Е01-21

1

12

Таджикова Айдана

Е02-21

1

13

Усербай Санжар

Е02-21

1

14

Бахтияров Берік

Е02-20

1

15

ӘуесханЕлнура

Е02-20

2

16

ЖумағазыЕркебулан

Е02-20

2

17

Дунгенбай Аружан

МІ04-20

2

18

Сейтқазинова Аяжан

МІ05-21

2

19

Жаксин Аяжан

МІ05-21

2

20

Даулетхан Диас

МІ05-21

2

Республикалық жоғары медицина коледжінің «Дебат» клубы 2019-2020

 

debat club
“Дебат” пікір сайыс клубының логотипі

 

Ұраны: Айтылған сөз – Атылған оқ

2004 жылдың наурыз айында Республикалық медицина коледжінде «Дебат» клубы құрылып, сол жылдардан бастап жемісті еңбек етуде.Интерактивті әдістерге негізделген пікір-сайыс технологиясы Қазақстандық білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларға өзіндік септігін тигізері анық. Ол оқыутшылар мен білімгерлердің арасындағы қарым-қатынасты авторитарлы стильден ашық талқылау мүмкіндігі бар жағдайға өтуге көмектеседі.Пікір сайыс әдістемелері білімгердің оқуға ынтасын, ал ұстаздардың шығармашылық қабілетін арттыруға септігін тигізеріне бірден-бір тиімді әдіс.Сондықтанда колледждегі «Дебат» клубы жұмысынң алға өрлеуіне оқытушылармен әкімшілік тарапынан үнемі қолдау көрсетудеміз.

 

 

 

Дебат клубының алдыға қойған мақсаты:

 

  • ішкі еркіндігі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, есесін жібермейтін тәуекелшіл белсенді тұлға қалыптастыру;
  • Сын тұрғысынан ойлай білу қабілетін пікір –сайыс арқылы дамыту;
  • Елімізде етек алған көкей кесті өзекті мәселелерді бірлесе , қоғам болып талқылау арқылы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студент жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын арттыруға көмектесу;
  • Жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, аға буын өкілі салған сара жолды насихаттау, сыни тұрғыда, сонымен қатар логикалық ойлауын дамыту;
  • Студенттердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы болатындай ұйымдастыру;
  • Мәдени, сыпайы қарым-қатынасты негізге ала отырып ұтқыр сөйлеуді қалыптастыру; үлкенге құрметтілік, кішіге ізеттілік сынды қаситеттерді тұлғааралық қарым-қатынаста көрсетіп, тәрбиеге де ден қою;

 

 

 

Міндеттері:

 

  • қарама -қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;
  • әлеуметтік тілдің дағдыларына қалыпастыру;
  • дебаттың құндылығы арқылы қоғамда ой – сана алуандығын туғызу;
  • еркін саяси көзқарастардың бәсекелестігін туғызу;
  • пікірсайыс түрлері, оның мәні;
  • дебат әдісі арқылы шешендікке алып келу;
  • белсенді сөйлеуді ойлай сөйлеумен ұштастыру;
  • таным қабілетін дамыту;
  • өздігінен білім алуға қажеттілік тудыру;
  • ақыл ой еңбегіне жалпы мәдениетін арттыру;
  • білімге құмарлығын, рухани сенімін күшейту;
  • «Іште пікір өлген шені» ұтымды пайдалану;
  • пікір шектелмейтін еркін шығармашылық қалыптастыру;
  • ғылымдағдыларын жүйелеу.

 

debat bagyttary

 

 

 

«Дебат» клубының құрамындағыстудентері тізімі

 

Аты -жөні      Міндеттері     Тобы        Бөлімі Курстары
1 ЖумагалиевЖандос Клуб жетекшісі Е 02-16 Емдеуісі 2- курс
2 ҚалымҰлжан Орынбасары Е 02-16 Емдеуісі 2 -курс
3 ҚасымхановЕрасыл Клуб хатшысы Е 02-16 Емдеуісі 2 -курс
4 МантанӘйгерім Клуб мүшесі Е 02-16 Емдеуісі 2 -курс
5 МұханғалиАнель Клуб мүшесі Е 02-16 Емдеуісі 2- курс
6 ТеңгірбайБекзат Клуб мүшесі Е 02-16 Емдеуісі 2 -курс
7 Шалимбаева Жансая Клуб мүшесі Е 02-18 Емдеу ісі 1 -курс
8 Советжанова Венара Клуб мүшесі Ми 02-18 Мейіргер ісі 1- курс
9 Абдуали Ақбота Клуб мүшесі Ми  02-18 Мейіргер ісі 1 -курс
10 Ерланова Сабина Клуб мүшесі Ми 02-18 Мейіргер ісі 1 -курс
11 Таңатар Аяжан Клуб мүшесі Ми 02-18 Емдеу ісі 1 -курс
12 Сайдула Аружан Клуб мүшесі Ми 02-18 Емдеуісі 1- курс
13 Жусанова Нургуль Клуб мүшесі Е 01-18 Емдеу ісі 1 -курс
14 Смадияр Балнұр Клуб мүшесі Е 01-18 Емдеуісі 1- курс
15 Ерғали Аяулым Клуб мүшесі Е 01-18 Емдеуісі 1 -курс

 

 

 

«Дебат» клубының ұйымдастыруымен және қатысуымен өткен пікір сайыс ойындарының ЕСЕБІ

 

debat bagyttary

06.09.2018.ж Республикалық жоғары медицина коледжінің  «Дебат» клубының алғашқы отырысы дөңгелек үстелде өтті.Отырыс барысында жаңа оқу жылындағы пікір сайыс жоспарын бекітті.Жоспарда отырыс мерзімін белгілеу, дебаттың алға қойған мақсатымен міндеттерін,жәнеде жасалатын жұмыстарымен студенттерді таныстырды.Дебат клубының жетекшісі,орынбасары,хатшысы тағайындалды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С.Жанысбаев студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтады. «Дебат» клубының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланып, жоспар бойынша жұмыс жасауды бекітті.

 

 

«Болашақ меицина мамандарының бейнесі» атты тақырыпта пікір сайыс өту барысы

 

risunok2
risunok1

04.10.2018 ж. «Болашақ медицина мамандарының бейнесі» атты тақырыпта коледжішілік пікір сайыс өткізілді.Сайыс барысында медицина мамандарының бейнесінің дұрыс жақтарымен бұрыс жақтары айттылды.Жалпы медицина мамандары науқастарға тез арада көмек беру кезінде өзінің шынайы бейнесімен тәжірибесін көрседі деген ойдамыз.

 

 

«Қазақстан медициналық сақтандыруға өтуіндегі артықшылығмен кемшілігі» тақырыбында турнирдің өту барысы

 

risunok3
risunok4

01.11.2018 ж. «Қазақстан медициналық сақтандыруға өтуіндегі артықшылығмен кемшілігі» тақырыбында турнир өткізілді.Турнирге «Жас ұрпақ» және «Ақыл ой» топтары қатысты.Тақырыпты студенттер өзара талқыға салып сақтандырудың дұрыс және бұрыс жақтарын атап көрсетті.Турнир соңында «Ақыл ой» тобы жеңіске жетіп мараппаталды.

 

 

«Отбасындағы Батыс құндылықтырының орнауы» атты тақырыпта пікір сайыс өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Жанысбаев топтарды марапаттау барысы.

 

risunok10
risunok11

06.12.2018 ж.«Дебат» клубының ұйымдастырумен студенттер арасында «Отбасындағы Батыс құндылықтырының орнауы» атты тақырыпта пікір сайыс өткізілді.

          Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттануынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді деп қортындылады.

 

 

“Дебат”клубы жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел.

 

debat bagyttary

10.01.2019 ж. «Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жолдары»тақырыбында «Дебат» клубының кезекті дөңгелек үстел отырысы өткізілді.“Ауылдық жерлерді жалпы медицина мамандарымен,медициналық технологиямен жабдықтау қажет.Сонда ғана ауылдық жерлерде медицина саласы дамиды” деп студенттер пікірлер білдірді.Денсаулық сақтау – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елбасы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарының жаңартылуына, ауруханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, олардың заманауи құралдармен жабдықталуына, білікті мамандар даярлауға ерекше мән беріп отыр.

 

 

«Сапалы мамандарды дайындау жолдары» тақырыбында пікір сайыс өту кезі.

 

risunok13
risunok12

07.02.2019 ж «Сапалы мамандарды дайындау жолдары» тақырыбында пікір сайыс өткізіді.Сайысқа «Ойдария» және «Жасқыран» топтары қатысты.Тарих,қазақ тілі пәндерінің оқытушылары пікір сайысқа қазылық жасап, сайыс соңында студенттерге жылы лебізімен пікірлерін білдірді.Топтардыалғыс хаттармен марапаттады.Алғыс хатты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Жанысбаев өзі табыстап,жылы лебізін білдірді.

 

 

«Қазақстан-2050 Мәңгілік ел жастары-индустрияға» атты тақырыпта пікір сайыс. Студенттерді марапаттау барысы.

 

risunok14
risunok15

07.03.2019ж «Қазақстан-2050 Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» атты тақырыпта орыс топтары арасында пікір сайыс өткізілді.Пікір сайыс «Дебат» клубының ұйымдастыруымен өткізілді.Жобаның негізгі мақсаты – жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету және елдегі білім мен еңбек ресурстарына тең қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, оңтүстік аймақтардағы жастардың жұмысқа орналасып, басқа аймақтарға жылжуын қамтамасыз ету. Сайыс соңында бас директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Жанысбаев арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

Мемлекеттік тілдің еліміздегі мәртебесі” тақырыбында колледжішілік пікір сайыс өткізілді.

 

risunok16
risunok17

04.04.2019ж «Мемлекеттік тілдің еліміздегі мәртебесі» тақырыбында колледжішілік пікір сайыс өткізілді. «Жастар» және «Парасат» топтары өзара сайысқа түстті. “Мемлекеттік тіл, алдымен, мемлекет­тің басқару жүйесінде мәртебе алады. Сондықтан тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы, бірінші кезекте, мемлекеттік қызметші­лердің тілді жетік меңгеруін міндетті” деп Парасат тобы өз пікір білдірді.Дебат клубының төрағасының шешімімен Парасат тобы жеңіске жетіп дипломмен марапатталды.

 

 

«Болашақ бағдарламасының қазіргі таңдағы маңыздылығы» тақырыбында пікір сайыс турнирі.

 

risunok18
risunok20

02.05.2019ж «Болашақ бағдарламасының қазіргі таңдағы маңыздылығы» тақырыбында пікір сайыс турнирі өткізіліп студенттер арасында қызу талқыға түстті.Бір топ шет елдерде білім алуды қолдаса бірі дұрыс емес деді.

Иә, «Болашақ» халықаралық стипендиясы ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.

 

06.06.2019 ж. Республикалық жоғары медицина коледжінің  «Дебат» клубының дөңгелек үстелде қорытынды жұмысын өткізді.Отырыс барысында 2018-2019жылы өткізілген іс- шараларға көз жүгіртіп жылды қортындылап, жұмыс жоспарының есебін өткізді. Отырыс соңында бас директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Жанысбаев дебат клубының жұмысын ары қарай жалғастыруды бұйырды.

Перейти контентке