logos
  • 1964 жылы РМУ-де біліктілікті арттыру курстары ашылды.
  • 1984 жылдың сәуір айында Республикалық біліктілікті арттыру училищесі ашылды.
  • 1996 жылы Республикалық біліктілікті арттыру училищесі Республикалық медицина колледжіне қосылды.
  • 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап қайта даярлау және біліктілікті арттыру бөлімшесі Үздіксіз білім беру орталығы болып қайта құрылды.

Директор

 Мурзагулова Зоя Галимовна

ҮББО тарихы

1934 жылы дүниеге келген.1958 жылы Қазақ мемлекеттік Медициналық Университетін бітірді. 1974 – 1984 жылдар аралығында  Алматы қаласындағы  Республикалық Медициналық Училищесінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1984 – 1995 жылдар аралығындағы 10 жыл бойы Республикалық біліктілікті арттыру училищесінің директоры лауазымын атқарды. «Денсаулық  сақтау ісінің үздігі», үкіметтің марапаттарына ие, соның ішінде «Құрмет белгісі» халықаралық Орденінің кавалері дәрежесі берілді. Қазақстандағы Мейірбике ісінің көшбасшысы. Мурзагулова З.Г. республикамыздағы  білім берудің негізін қалаушылардың бірі. 1998 ж. Астана қаласында өзінің алғашқы жеке меншіктегі «Даналық» колледжін ашып, осы күнге дейін «Даналық»  медициналық колледжінің негізін салушы және басшысы  міндетін атқарады.

Біліктілікті арттыру бойынша директордың орынбасарлары

Жахметов  Ерик Габдулович

ҮББО тарихыЖахметов  Ерик Габдулович 1940 жылы Орал қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, 1969 жылы КСРО МҒА Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар институтының аспирантурасына тапсырады. 1973 жыл Мәскеуде кандидаттық диссертациясын қорғады. Е.Г.Жахметов 1980 жылдан бөлім меңгерушісі, ал 1996 жылдан 2004 жылға дейін директордың қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша орынбасары қызметін атқарады. КСРО халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін қола медальмен, «Құрмет» грамотасымен марапатталған. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі».

Усембаева Алия Калиевна

ҮББО тарихы1951 жылы дүниеге келген. 1975 жылы Алматы  Мемлекеттік Медициналық Университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1979 – 1984 жж. Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімінде орта медициналық және фармацевтикалық мамандардың біліктілігін арттыру курстарын басқарды.  1984 – 1996 жж. Республикалық медициналық колледжінің  біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі болып, физиотерапия бойынша сабақ жүргізді. 1996 ж. РМК – де методист, ЦМК – нің төрағасы, бөлім меңгерушісі, 2004 – 2010 ж. біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша директордың орынбасары, физиотерапия бойынша оқытушы  қызметтерін атқарды. «Қазақстан   Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі»

Перейти контентке