
Колледждің ішкі тәртіп Ережелері:
1.1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында бекітілген міндеттерді орындауға.
1.2. Колледж Жарғысын; студенттердің ішкі тәртібінің ережелерін; студенттердің ар -намыс Кодексін сақтауға; Педагогикалық кеңес шешімдерін орындауға; директордың бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға; директордың оқу ісі мен шығармашылық, ғылыми істер бойынша орынбасарының нұсқауларын орындауға;
1.3. Колледждің барлық оқу түріндегі студенттері білім алуға, тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген уақытта орындауға, емтихандар мен сынақтарды дәл оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларында көрсетілген уақытта (емтихандық сессия) тапсыруға.
1.4. Мәдени және кәсіби деңгейлерін көтеруге;
1.5. Колледж директоры бекіткен еңбекті сақтау, техникалық қауіпсіздікті, өндірістік тазалық пен еңбек гигиенасын бақылау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауға байланысты ережелер мен нұсқауларды орындауға;
1.6. Апатты жағдайлар мен төтенше оқиғалар жөнінде әкімшіліктің арнайы бөлімшелеріне шұғыл хабар беру және оларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауға;
1.7. Өздерінің оқу құралдарына нұқсан келтірмеуге (музыкалық инструменттерді, техникалық оқу құралдарын), оқу орнында тазалық сақтауға, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгілі ережелерін орындауға;
1.8. Коледждің мүлкіне ұқыпты қарап, оны бүлдірмеуге, техникалық заттар мен қондырғыларды қажетті мақсатта қолдануға, студенттерге берілетін музыкалық инструменттер, концерттік костюмдер және өзге де заттарды сақтауға, электр қуаты, жылу, су мен өзге де пайдалы қорларды үнемдеуге;
1.9. Өзге де білім алушылар мен педагог қызметкерлердің ар намысы мен қадір қасиетін құрметтеуге, басқалардың көзқарастарын силауға; колледждің іскерлік абыройына нұқсан келтірмеуге;
1.10.Студенттер тәртіпті, ұқыпты болуы керек, өздерін Колледж қабырғасында, далада, қоғамдық орындарда қадір қасиетін жоғалтпайтындай етіп ұстауға т.с.с.

[:]





