logos
oval logo bg w
[:ru]Қыркүйек айында өткізілген іс-шарада ең алдымен Республикалық Жоғары Медициналық колледжіне жұмысқа орналасқан жас мамандармен танысу сонымен қатар жас мамандар өзара және әрбір жас маманға тағайындалған тәлімгерлермен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жас мамандарға алдағы уақытта жұмыс жасау барысында туындаған сұрақтарды шешімін табуға тағайындалған тәлімгердің көмек қолын созатындығы түсіндірілді және айтылды. Тәлімгерлермен таныстыру жұмыстарынан соң РЖМК колледжінің ішкі тәртібімен таныстырылып қана қоймай бұл оқу орнының ішкі ережелеріне мойынсыну керек екендігі ескертілді. Бұл Ережелер Қазақстан Республикасының “Білім туралы ” Заңы мен ҚР БҒМ-нің  “Республикалық Жоғары Медициналық колледжі” РЖМК-ның  ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын Жарғы негізінде жасалғандығы айтылды.
Жас мамандар мектебінің қыркүйек айында өткен дәрісі
Колледждің ішкі тәртіп  Ережелері:
1.1. Қазақстан Республикасының  “Білім туралы” заңында бекітілген міндеттерді орындауға.
1.2. Колледж Жарғысын; студенттердің ішкі тәртібінің  ережелерін; студенттердің ар -намыс Кодексін сақтауға; Педагогикалық кеңес шешімдерін орындауға; директордың бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға; директордың оқу ісі мен шығармашылық, ғылыми істер бойынша орынбасарының  нұсқауларын орындауға;
1.3. Колледждің барлық оқу түріндегі студенттері білім алуға, тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген уақытта орындауға, емтихандар мен сынақтарды дәл оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларында көрсетілген уақытта (емтихандық сессия) тапсыруға.
1.4. Мәдени және кәсіби деңгейлерін көтеруге;
1.5. Колледж директоры бекіткен еңбекті сақтау, техникалық қауіпсіздікті, өндірістік тазалық пен еңбек гигиенасын бақылау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауға байланысты ережелер мен нұсқауларды орындауға;
1.6. Апатты жағдайлар мен төтенше оқиғалар жөнінде әкімшіліктің арнайы бөлімшелеріне шұғыл хабар беру және оларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауға;
1.7. Өздерінің оқу құралдарына нұқсан келтірмеуге  (музыкалық инструменттерді, техникалық оқу құралдарын), оқу орнында  тазалық сақтауға,  материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгілі ережелерін орындауға;
1.8. Коледждің мүлкіне ұқыпты қарап, оны бүлдірмеуге, техникалық заттар мен қондырғыларды қажетті мақсатта қолдануға, студенттерге берілетін музыкалық инструменттер, концерттік костюмдер және өзге де заттарды сақтауға, электр қуаты, жылу, су мен өзге де пайдалы қорларды үнемдеуге;
1.9. Өзге де білім алушылар мен педагог қызметкерлердің ар намысы мен қадір қасиетін құрметтеуге, басқалардың көзқарастарын силауға; колледждің  іскерлік абыройына нұқсан келтірмеуге;
1.10.Студенттер тәртіпті, ұқыпты болуы керек, өздерін Колледж қабырғасында, далада, қоғамдық орындарда  қадір қасиетін жоғалтпайтындай етіп ұстауға т.с.с.
Жас мамандар мектебінің қыркүйек айында өткен дәрісі
 [:]

Государственные символы

Категория: Школа молодых специалистов
Система комментирования SigComments

Больше информации

Предыдущая
2017 жылғы колледж түлектеріне диплом табысталды
Следующая
"Ұлы жібек жолы — денсаулық жолы" атты ШҰБ ұйымы елдерінің халықаралық медициналық форумы
Перейти к контенту