Жас мамандар мектебінің қараша айында өткен дәрісі

[:ru]Қараша айында жас мамандарға арналған «Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» атты семинар тренингі өткізілді. Тренинг барысында «технология» кез келген ғылымның  ажырамас бір бөлігі екендігі басты назарға алынды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы да қуақты болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екендігі анық. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабына айналып отыр. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері орасан мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау білім алушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында білім алушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері Біздің қазіргі «жаңа технология» деп жүргеніміз де бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі болып келетіндігі түсіндірілді.
Қазіргі кезде танымдық қажетсіну ол – жаңа ақпаратты қажетсіну дейміз. Ендеше компьютерлік, ақпараттық техника мен технологиялар ақпараттандыру мен жаһандау кезенінде білім алушы жастардың танымдық әрекеттерінің артуына, білім мазмұнындағы негізгі компонент оқу пәнін тереңірек меңгеруге септігін тигізетіндігі түсіндірілді. Оқу әдістемелік құралдар жасау технологиялары дамып отырғанда оны оқу процесіне енгізу басты шарттың бірі болып табылатыны айтылды.
 
 
 
 
 [:]