logos

         Жаңа 2019-2020 оқу жылында студенттік парламенттің төрағасын/ төрайымын сайлап, анықтау мақсатында колледж студенттері арасында сайлау ұйымдастырылды.

img 1625

         Студенттік сайлаудың бірінші кезеңі 17.10.2019 ж. күні өтсе, екінші кезең яғни, бюллетень арқылы сайлау 25.10.2019 ж. күні өтті. Бірінші кезеңнен өткен 6 үміткерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін  бес күн уақыт бөлін. Үміткерлер өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын әр дәрісханаға кіріп аралау арқылы және әлеуметтік желі арқылы жүргізуге мүмкіндік берілді.

       

img 1642

Студенттік парламент сайлауына 1554 студент сайлаушы қатысып, нәтижесінде “Жалынды жастар” командасы атынан түскен команда жетекшісі Жұлдыз Әдібай 457 дауыспен жеңіске жетті.

img 0635

       

Студенттік парламент төрайымы Әдібай жұлдыз;

– Студенттік парламент төрайымының орынбасары Томирис Мейрамбекова

– Ғылими-зерттеу секторы Анель Көпжасарова

– Тәрбие және мәдениет секторы Али  Шахизатов

– Спорт және тазалық секторы Аяжан Таңатар

         2019-2020 оқу жылында жасақталған Студенттік парламент мүшелеріне мүшелікті растайтын куәліктер берілді.

img 20191120 wa0023
img 20191120 wa0023
img 20191120 wa0021

Студенттік парламент студенттері Педиатр қызметкерлері мерекесіне орай, колледжімізде қызмет жасайтын Педиатр пәні оқытушыларн құттықтап, құрмет көрсетті.

img 20180524 wa0037
img 20180524 wa0040
6
6

         08.12.2019 ж. күні 9 желтоқсан “Халықаралық Сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне” орай, Бас директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Жанысбаевтың басшылығымен Студенттік парламент студенттері мен “Саналы ұрпақ” Студенттік клубы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондайы-ақ, “Сыбай”Сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін бе? атты ДЕБАТ өткізді.         

img 20191227 144106
img 4960

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Республикалық жоғары медициналық колледжі ұжымының балаларына Балалар шыршасының ұйымдастырылуын Студенттік парламент студенттері қолдарына алып, өткізді. Балалар шыршасына 30 дан астам балалар келіп, мерекелік бағдарлама бойынша концерт тамашалады.     

img 5682
img 5682
img 5645
img 5822

  11.02.2020 ж. күні еріктілер жылына орай, Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен Республикалық жоғары медициналық колледжінің “Студенттік парламенті” ұйымдастыруымен ЕРІКТІЛЕР тобы Көк базардағы сауда қызметкерлері мен тұтынушылардың қан қысымын тексерді. Еріктілер жылы аясында өткен акциямыз алдағы уақытта жалғасын табатын болады

         Еріктілер жылына орай, Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен Республикалық жоғары медициналық колледжінің ЕРІКТІЛЕР тобы Көк базардағы сауда қызметкерлері мен тұтынушылардың қан қысымын тексерді. Еріктілер жылы аясында өткен акциямыз алдағы уақытта жалғасын табатын болады

img 20200208 114407 472

      

img 20200208 114407 447

07.02.2020 ж. күні Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойы аясында бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі “Хәкім Абай” орталығына Республикалық жоғары медициналық колледжінің Студенттік парламенті ұйымдастыруымен 1-курс студенттері барып, орталығымен танысты.

         ҚазҰПУ-дың “Хәкім Абай” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының кандидаты, аға оқытушы Шойынбет Алшынбекұлы Жабал Абай атамыз туралы студенттерімізге біраз мағлұмат айтып, орталықтың жұмысымен таныстырды.

1587572618436
1587572618329

06.01.2020 ж. күні Студенттік парламент төрайымы Жұлдыз Әдібайдың ұйымдастыруымен Республикалық жоғары медициналық колледжінде құрылған ЕРІКТІЛЕР клубы Алматы қаласындағы Қалалық паллиативті көмек көрсету орталығына (Хоспис) барып, концерттік бағдарлама қойды. Мақсат: Ауыр дертке шалдыққан науқастар мен қарттардың көңілін аулап, оларға қоғамның көңілін аудару. Сондай-ақ, ақ халатты абзал жандардың қызметіндегі үлкен жауапкершіліктің бар екенін студенттерімізге ұқтыру.

img 20191114 163643

14.11.2019 ж. күні Республикалық Жоғары медициналық колледжі Бас директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Жанысбаевтың бастамасымен “Студенттік парламент мүшелері мен белсенді студенттер Шәмші Қалдаяқов ескерткішіне барды. Біздің колледж композитор, ҚР Мемлекеттік Гимні авторы, вальс каролі атанып кеткен Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқандықтан Шәмші атамыз туралы студенттеріміз білуі қажет деп ойлаймыз. Шара барысында студенттеріміз Шәмші Қалдаяқов жайлы мол мағлұмат алып, “Арыс жағасында” әнін хор болып орындады.   

26102835 154776458630185 1028289598 n
26105580 154776478630183 1038997566 n

 15.11.2019 ж. күні 17 қараша “Студенттер күніне” орай, Студенттік парламент студенттері мерекелік шара ұйымдастырылды. Таңертеңгілік көңіл-күйді көтеріңкі ету үшін, өнерлі студенттеріміз домбыраны күмбірлетіп күй шертіп, тілек жазылған парақшалар тарқатты. Мерекелік шара кешкі би кешімен жалғасты.  

      

img 6558

   04.03.2020 ж. күні Республикалық жоғары медициналық колледжінің «РЖМК аруы — 2020» Қыз сыны байқауын өткіздік. Көптеген үміткер студенттің ішінен іріктелген сегіз қыз өнерлерін ортаға салып, сынға түсті. Кіл мықтының ішінен іріктелген сегіз қыздың кім мықтысын анықтауда әділқазы алқалары біраз қиналды. Себебі қатысукшылардың өнері мен дайындығы бір бірінен өткен еді. Нәтижесінде «РЖМК аруы — 2020» атанып, бас жүлдені — Бота Сембай, 1-орынды Ғалия Смайл, 2-орынды Эльвина Зукаева, 3-орынды Айкөркем Атай мен Назерке Сейдуллаева иеленді.

img 6501

Әділқазы алқасы ретінде арнайы келген Телепродюсер, «5 студия TV production» -ның негізін қалаушы, «Шіркін LIFE», «Фобия», «Бәрі де мүмкін», «Мүмкін емес», «Ескі жыл есірке» және тағы басқа көптеген теле жобалар мен «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген телесериалдардың продюсері – Толқын Сейдоллақызы, «Ерлан Айнабеков» сұлулық салонының негізін қалаушы, көптеген Халықаралық байқаулардың жеңімпазы, стилист, байқау демеушісі Ерлан Айнабеков және «КТК» телеарнасының журналисі, телепродюсер Сандуғаш Есенбекова мен Әнші, тележүргізуші Саяна Жолдасқа колледж әкімшілігі атынан алғыс айтамыз.

img 20191209 120722

Тәуелсіздік күніне орай Студенттік парламент студенттері колледждің дәлізіне арнайы безендіру жасады.

        

img 20200520 wa0016
img 20200520 wa0016

Алматы қаласы Волентерлар форумына Студенттік мүшелері мен колледжіміздің белсенді волентерлері қатысты. Форум барысында

     

img 20200221 wa0040

    Бас директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Жанысбаевтың бастамасымен Студенттік парламент мүшелері мен белсенді студенттер Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай, Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерге мініп, Абай атамыздың өлеңдерін оқыды. Студенттеріміздің өнерлерін қоғамдық көліктегі жолаушылар ұялы телефондарына түсіріп, стафетаның жалғастырды. Суретте қоғамдық көліктегі жолаушылардың арасында отырған басқа да ЖОО мен колледж студенттері бөліскен сәті.

img 20200227 152925

         Ұлы жеңістің 75 жыл толуына орай өнерлі студенттерімізбен соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы құттықтадық. Ардагерлердің көңілін көтеру мақсатында патриоттық әндер орындап, колледж басшылығы тарапынан сыйлықтар табыстадық.

1589872863858
b0a2c325 d9a0 449f 968d b557008d7dea

19.05.2020 ж. күні Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен Студенттік парламент студенттері онлайн түрде “Жемқорлықсыз сессия” челленджін ұйымдастырды.

122 001

Студенттік парламенттің төрайымы             Ә. Жұлдыз

img 4091
img 6232
Жастар ісі жөніндегі комитет

Перейти контентке