logos

2013 жылы қазан айының 23-де республикалық медицина колледжінде студенттердің өзін-өзі басқару сайлауы өткізілді.

Сайлау қорытындысының нәтижесінде көпшілік дауыспен (50,5%) «Лабораториялық диагностика» бөлімінің 2 курс студенті Тұрлықожа Нұркен жеңіске жетті.

Студенттік өзін – өзі басқару төрағасына колледж директоры Сейдуманов С.Т. сайлауда жеңіске жеткенін дәлелдейтін студенттік Парламенттің төсбелгісі мен символикасын табыстады.

2013 жылы қазанның 25 күні Республикалық медицина колледжінің І курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті. Осы кеште студенттік Парламент төрағасын ұлықтау рәсімі өткізілді.

Студенттік ПарламентСтуденттік ПарламентСтуденттік Парламент

«Мейірім марафоны» атты қайырымдылық акция

2014 жылдың 14 – 28 ақпан аралығында Алматы қаласы және Алматы облысы медицина колледждері арасында «Мейірім марафоны» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияны ұйымдастырушы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық медицина колледжінің Студенттік Парламенті.

«Мейірім марафоны» қайырымдылық акциясының эстафетасын Алматы қаласы және Алматы облысы медицина колледждері жалғастырды.

2014 жылы 28 ақпан күні барлық жиналған қор Қазақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу институты мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына салатанатты түрде тапсырылды.

Бұл акцияның басты мақсаты медицина колледждерінің студенттерін осы миссия арқылы біріктіру: Аурухана төсегіне жатып қалған балаларға қолдан келгенше қолдау көрсету және көмекті аямау!

Перейти контентке