Жас мамандар мектебінің қазан айындағы дәрісі

[:ru]Қазан айында өтілген іс-шара негізінде жас мамандарды оқу бағдарламасы және нормативтік құжаттармен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Ең алдымен жас мамандарды яғни, оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат екендігімен таныстырылып өтілді. Оқу бағдарламасының түсінік хатында көрсетілгендей оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетілетіндігі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталатындығы айтылды. Жас мамандар оқу бағдарламасын құрастыруда төменде көрсетілген қағидаларды негізге ала отырып жасалыну керек екендігі түсіндірілді. Олар: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының білім алушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыстың ескерілуі т.с.с
Жас мамандарды білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырып қана қоймай солардың негізінде жұмыстар атқарылу керектігін басты назарға алынатындығы ескертілді. Іс-шарада айтылған білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың қысқаша мазмұны көрсетілген.
23828596 834096583417676 1993566211 o - Жас мамандар мектебінің қазан айындағы дәрісі
Білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар
 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 23.07.2007 № 319-III
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (13.05.2016 жылы №292 бұйрықпен өзгертіліген және толықтырылған).
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі».
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік орта және Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және  қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік ережесі» (13.05.2016 жылы өзгертіліген және толықтырылған).
  5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» (05.10.2015 жылы өзгертіліген және толықтырылған).
  6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы».
  7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары» (18.01.2016 жылы өзгертіліген және толықтырылған).

 [:]