Колледжіміздің жаңа оқу жылындағы студенттік парламент жасақталды

Колледжіміздің жаңа оқу жылындағы “студенттік парламентін” жасақтау үшін, студенттер арасында сайлау жүргіздік. Жалпы, он бір кандидатық команда тіркеліп, соның бесеуі сайлауға түсуге құқық алған болатын.
300x261 - Колледжіміздің жаңа оқу жылындағы студенттік парламент жасақталды
Бірінші кезең: Әр топ өзінің бір жылға жасалған бағдарламасын мұғалімдерден құрылған арнайы комиссияның алдында (слайд түрінде) қорғады.
Екінші кезең: сайлауға қатысушылардан тыс, студенттердің ашық сайлау түрінде өтті.
Сайлауға қатысқан командалар тізімі төмендегідей болды:
“Самұрық”
“Жас қанат”
“US: Unity of students”
“Путеводная звезда”
“Бірлік”

300x261 - Колледжіміздің жаңа оқу жылындағы студенттік парламент жасақталды

Аталған командалар ішінен оқ бойы оза шапқан, “Самұрық” командасының белсенділері болды.
300x261 - Колледжіміздің жаңа оқу жылындағы студенттік парламент жасақталды