logos

Қазан қаласында біліктілікті жоғарылату циклі өтті

  1. Главная
  2. Новости
  3. Қазан қаласында біліктілікті жоғарылату циклі өтті
oval logo bg w

2017 жылдың 24-27 қазан аралығында «Лабораториялық медициналық анализ» құзыреттілігі бойынша «Регламент деятельности экспертов регионального чемпионата «Молодые профессионалы» WorldSkills Russia» атты  біліктілікті жоғарылату циклі өтті.
Аталмыш жобаға Республикалық жоғары медициналық колледжінің атынан С.С. Баймағамбетова мен З.Б. Алламбергенова әріптестеріміз қатысып келді. Сайыстық тапсырмалар: «Клиника-лабораториялық зерттеу әдістері», «Биохимия және клиника-биохимиялық зерттеу әдістері», «Гистология», «Микробиология» және «Гигиена» пәндерінің материалдарынан құралды.
Жалпы «WorldSkills-тың» мақсаты: кәсіптік құзыреттілікті дамыту, жоғары білікті мамандардың мәртебесін көтеру, экономикалық өрлеу және жеке бастың жетістіктерін көрсете білу болып табылады.
Осы тұста ескере кететін жағдай, «Лабораториялық медициналық анализ» құзыреттілігі WorldSkills Kazakhstan жобасындағы салалар тізіміне енбеген. Алдағы уақытта «Лабораториялық медициналық анализ» құзіреттілігі енеді деген сенім білдіреміз. Өйткені «Лабораториялық медициналық анализ» заманауи тұрмыста өте маңызды және сұранысқа ие құзыреттілік болып табылады.
Төрт күнге жалғасқан біліктілікті арттыру жалпы 30 сағатты құрап, қатысушыларға сертификат табысталды.

Государственные символы

Категория: Новости
Система комментирования SigComments

Больше информации

Предыдущая
Қосалқы станция фельдшерлері «Республикалық жоғары медициналық колледжінде» біліктілікті арттырудан өтті
Следующая
Республикалық жоғары медициалық колледжінде латын әліпбиі жайлы кездесу өтті
Перейти к контенту