Еске сала кетсек, Қазақстан WorldSkills қауымдастығының құрамына 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлекет болып тіркелді. Қазіргі уақытта WorldSkills 100 ден астам мемлекетте қолдау тауып отыр. Қауымдастыққа кіргелі елімізде Қазақстан WorldSkills чемпионаты дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келеді. Ал Алматы қаласындағы чемпионат сәуір айының 15 күні басталып, 19 күні жеңімпаздар марапатталады.
Алматы қаласындағы «Техникалық және кәсіптік» Білім беретін колледждері сынға түсетін конкрус барысында: мехатроника, инженерлік графика (автоматты жобалаудың жүйесі), дәнекерлеу технологиясы, электроника, веб-дизайн, электромонтаж, құрғақ құрылыс, киім дизайны және үлгілеу, мейрамхана сервисі, желілік және жүйелік басқару, графикалық дизайн, дәнекерлеу ісі, медициналық және әлеуметтік күтім сондай-ақ тағы басқа салалар бойынша қатысушылар өз мүмкіндіктерін ортаға салады.
«Медициналық және әлеуметтік күтім» сайысы Республикалық Жоғары медициналық колледжінде ұйымдастырылады. Қатысушылар «Мейірбике ісі» бойынша «Медициналық және әлеуметтік күтімнің» халықаралық талаптарына сай емделушіге күтім көрсетеді. Ал, «WorldSkills Almaty — 2019» чемпионатының жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алады.
Республикалық Жоғары медициналық колледжінің әкімшілігі атынан барлық қатысушыға сәттілік тілейміз!
[:]
Республикалық Жоғары медициналық колледжінің әкімшілігі атынан барлық қатысушыға сәттілік тілейміз!