logos

Республикалық медицина колледжі 1937 жылы Акушерлік мектеп ретінде ұйымдастырылды.

Бірінші директор болып Қазақ КСР Ұлттық денсаулық сақтау комиссариатының бұйрығымен Қазақстандағы алғашқы әйел-дәрігерлердің бірі болған – Ниязова (Танашева) Мубина Ибрагимовна болды.

1934 жылы Мубина Ибрагимовна жоғары мансапқа, яғни Қазақстан Ұлттық денсаулық сақтау комиссариатының ана мен бала бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.

Мектептің алғашқы оқушылары 13-14 жасар қазақ қыздары болды, олар Қазақстанның әртүрлі облысынан келген 4-5 сыныптық базалық білімі бар жетімдер үйінің тәрбиеленушілері болды.  Ол кезде оқушылардың саны 168 адамды құрады, олардың 102-сі қазақ қыздары болды.

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиараты бұйрығымен акушерлік мектеп директоры болып Ф.П. Серегеева тағайындалды. Оның медициналық білімі болмаса да, жақсы ұйымдастырушы болды. 1938 жылы акушерлік мектеп Өзбек (қазіргі Сейфуллин көшесінде), 96 көшесінде салынған өзінің типтік ғимаратына көшірілді. Осы жылы мекемеде санитарлық қызмет мамандарын даярлау ісі басталды. Ол кезде Алма-атаға Қостанайдан санитарлық-фельдшерлік бөлімнен жалпы саны 77-ні құрайтын оқушылар тобы көшірілді, олардың 11-і қазақ қызы болды. Сол 77 санитар-фельдшерлер кейіннен мектепті аяқтап, 1942 жылы  Ұлы Отан Соғысына аттандырылды. 1939 жылдың сәуірінде мектепте циклдік комиссиялар құру бойынша белсенді жұмыс басталып кетті. Арнайы пәндер бойынша комиссия жетекшісі дәрігер Шурина болды, ал жалпы білім беру пәндері бойынша оқытушы Омарова болды. Циклдік комиссияларды оқу бөлімінің меңгерушісі Нысанова басқарды.

1939 жылы Акушерлік мектептің атауы Акушерлік бөлімі бар республикалық санитарлық-фельдшерлік мектеп болып өзгертілді. 23 шілдеде бірінші түлектер шығарылды. 1939 жылдың 5 қыркүйегінде Ұлттық денсаулық сақтау комиссариатының бұйрығы бойынша Алма-ата республикалық санитарлық-фельдшерлік мектеп директоры болып Аклима Бисеновна Бисенова тағайындалды.

Орта білімді медицина қызметкерлерін дипломнан кейінгі даярлау жүйесі пайда бола бастады: мектепке алғаш рет біліктіліктерін арттыру үшін акушерлер жіберілді. 1941 жылы Алма-ата және Семей акушерлік мектептері арасында республикамызда алғаш рет педагогикалық тәжірибе алмасу өткізілді.

1943 жылы Аклима Бисеновна балалық және босандыру бойынша  Республиканың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиариаты меңгерушісі лауазымына ұсынылды, ал мектеп директоры болып – дәрігер әрі педагог, осы оқу орнында оның негізі қаланғаннан бастап жұмыс істеген Анна Федоровна Никитина тағайындалды.

1943 соғыс жылдарында санитарлық фельдшерлердің соңғы түлектері шығарылды. 27 бітіруші болды. Осы жылы мектепті 44 акушер аяқтады. Ал бір жылдан кейін оқу орнының атауы Қазақ ССР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиаратының фельдшерлік-акушерлік мектебі болып өзгертілді.

Ел үшін ауыр кезең болғандығына қарамастан қызыл армия отбасынан шыққан оқушылар және мүгедектер мектепте тегін оқыды. Тек 1944-45 оқу жылында 15 студент оқу ақысын төлеуден босатылды.

1946 жылдың наурызынан бастап оқу орнының мәртебесі тағы да өзгертілді, мекеменің толық атауы – Қазақ КСР-ң Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық фельдшерлік-акушерлік мектебі болды.

Соғыстың аяқталып, ұлттық шаруашылықтың дамып, республикадағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша шараларды көбейту, әсіресе ауылдық өңірлерде дамып келе жатқан дәрігерлік желі орта буын медициналық қызметкерлер санының артуын талап етті. Сондықтан мектептің педагогикалық ұжымына білікті акушерлер мен фельдшерлерді ғана емес, сондай ақ мейіргерлерді, фельдшер-лаборанттарды, фармацевттерді даярлаумен айналысуға тура келді. 1946 жылы лаборанттар мен мейіргерлерді даярлау бойынша бөлімдер ашылды (сол кезде республикада тек біреу ғана). Сол жылы аяқталған орта медициналық білімі жоқ адамдарды даярлау жөніндегі экстернат жұмысы басталды.

Оқу жылы басталмас бұрын жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді, дене шынықтыру залы, микробиологиялық лаборатория және кітапхана қайта жабдықталды, оқырман залы ашыды, жаңа көргізбе құралдары сатып алынды, драма үйірмесі ұйымдастырылды.  1953 жылы мектепте кешкі (меңгеруші Г.Зияшев) және сырттай оқыту ( меңгеруші Л. Кашляк) бөлімдері ашылды. Бұл жағдайда оқыту өндірістен қол үзбей жүргізілді.

1954 жылы Республикалық фельдшерлік-акушерлік мектебінің атауы Республикалық медицна училищесі болып өзгертілді.

Училищеде 3 циклдік әдістемелік комиссия жұмыс істеді: жалпы білім беру пәндері (жетекшісі О.И. Рутковский), клиникалық пәндер бойынша (Е.В. Орехов), жалпы медициналық пәндер бойынша (В.В. Муратовский).

1955 жылы училищеде жеті жылдық білімі бар оқушыларға арналған жаңа фельдшерлік-лаборанттық бөлім ашылды.

Ашылған уақыттан бастап училищеде жетімдер үйінен шыққан тәрбиеленушілерді оқыту дәстүрі сақталып келді. Оларды материалдық тұрғыдан мейлінше қолдау көрсетуге тырысты. Осылай, 1956 жылы айрықша мұқтаж 11 тәрбиеленушіге 50-100 сом көлемінде ақшалай жәрдемақы бөлінді.

1957 училище диреторы болып Кадыр Нургалиевич Нургалиев тағайындалды. 1959 жылы Республикалық медицина училищесі директоры лауазымына Хамит Сапаргалиевич Бегалин тағайындалды.

Директор Хамит Сапаргалиевич Бегалин Республикалық медицина училищесінде 30 жыл қызмет етті. Ол Қазақ ССР, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы Орта медициналық және фармацевтикалық білім беру кеңесі мүшесі болды. «Невада-Семей» Халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың Үйлестіру кеңесі мүшесі болды. Ол «Халықтар достастығы», «2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені», «Құрмет белгісі», КСРО 11 медалі, «Невада-Семей» Халықаралық ядроға қарсы қозғалысының құрмет грамотасы және басқа да марапаттау грамоталарымен марапатталған.

1986 жылы Хамит Сапаргалиевич Бегалин Қазақстан Республикасына сіңіргенеңбегі үшін дара зейнеткер болып зейнеткерлік демалысқа шықты. РМУ директоры болып Хасен Умарбекович Секербаев тағайындалды. Секербаев Х.У. 1931 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Училище директоры Секербаев Х.У. қызмет ету барысында екі «Құрмет белгісімен», екі КСРО Жоғары кеңес төралқасының грамотасымен марапатталған, КСРО және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының Үздігі дәрежесіне, Ұлттық білім беру Құрмет белгісіне ие. Хасен Умаркулович республикадағы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша республикадағы алғаш шыққан оқу құралының авторы және баспагері. Кітап мамандардың жоғары бағасына ие болды және медициналық мекемелерде сұранысқа ие болды. 1996 жылы «Қазақстан Республикасына сіңіргенеңбегі үшін» дара зейнеткер болып зейнеткерлік демалысқа шықты.

Осы жылы Республикалық медицина училищесіне м.ғ.к. Талапқали Абишевич Измухамбетов директор болып тағайындалды. 1996 жылы жаңашылдыққа ұмтылыс, мейіргердің қоғамдағы рөлі мен мәртебесін өзгертудің қажеттілігін түсіну, даярлаудың жаңа бағдарламаларына көшу медицина училищесіне Республикалық орта медициналық және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі колледжі мәртебесін алуды қамтамасыз етті.

Мәртебесінің өзгеруіне байланысты өзгертілген бағдарламалар бойынша үш жылдық оқытуға көшірілді, және жұмыс істейтін орта медициналық білімі бар мамандардың одан арғы кәсіби мамандандырылуына және жетілдірілуіне мүмкіндік туғызылды, ол базалық даярлаудың білім беру жоспарын түзеуге мүмкіндік берді. Ол үшін колледж әкімшілігі сол жерде мынадай көшпелі циклдер өткізу арқылы мамандарды оқытуда ыңғайлы оқыту нысанын пайдаланды: «АИТВ және ЖИТС алдын алу бойынша мейіргерлерді даярлау», «Жұқпаларды бақылауға үйрету» және т.б.

1996 жылдан бастап бюджеттік оқыту нысанымен бірге шарттық нысан енгізілді (46 адам қабылданды). Кейіннен осы оқыту нысаны бойынша оқушыларды қабылдау айтарлықтай көбейді, 2000 жылы 200-ге дейін жетті.

1997 жылдың күзінде колледжге 60 жыл болды. Осы уақытқа дейін колледж республикадағы ең үлкен білім беру орталықтарының бірі болды. Ол типтік оқыту корпусында орналасқан, оның ауданы 10725 шаршы метрді құрайды. Жаңа лаборатория кабинеттері, әдістемелік кабинет, кинозал, 60 мыңнан астам кітаптық қоры бар кітапхана оқырман залы, 150 орындық студенттік асхана іске қосылды.

Кабинеттерде және лабораторияларда тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыруға үшін барлық жағдайлар жасалған. Әдістемелік кабинетте оқытушылардың, сынып жетекшілерінің және үйірме жетекшілерінің жетілдірілуіне және өз бетінше білім алуына арналған оу-әдістемелік материалдар шоғырланған. Ұйым сатыларында компьютерлік класс болды, ақпараттық орталық құрылды.

2009 жылы Қайрат Джамилович Ержанов оқу орнының директоры болды. Анестезиология және реаниматология бойынша жоғары категориялы дәрігер, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші категориялы дәрігер болды. Қазақстан Республикасының 10-жылдығы Мерейтойлық медальмен, 2001 жылы ҚР тұрғындарының денсаулығын сақтау ісіне қосқан айрықша үлесі үшін «ҚР денсалық сақтау саласының Үздігі»  төсбелгісімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Ержанов Қ.Ж. Астана қаласына басқа лауазымға көшірілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 11.2009 жылғы №92m2. Бұйрығымен «Орта медициналық және фармацевттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі» РМҚК директоры лауазымына м.ғ.д. Сейдуманов Султан Турарович тағайындалды.

2016 жылдың 07 шілдесінен бастап №01 бұйрық бойынша «Республикалық жоғары медициналық колледжі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі, м.ғ.к. Рузденова Найля Бексаутовна тағайындалды.

Перейти контентке