logos
oval logo bg w
unnamed

5 қыркүйек – ҚР халқының Тілдер мерекесі құтты болсын!

Бұл уақытқа дейін мемлекеттегі Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте тойланатын. Осыдан 29 жыл бұрын 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда “Тілдер туралы” заң қабылданған. Ол заңда сол кездегі Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Ал 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.  

Тілдер мерекесінің датасы неге өзгерді?

Еліміздегі тілдер мерекесінің датасы 5 қыркүйек болып өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.

Мемлекеттік символдар

Бөлім: Жаңалық
Система комментирования SigComments

Басқа мәліметтер

Артқа
Біліктілікті арттыру циклдерінде оқыту қашықтықтан оқыту форматында жүзеге асырылады
Келесі
Ата-аналар жиналысы өтті
Перейти контентке