logos

Студентіміз Нұрай Нұрсадық «World Skills Kazakhstan-2019» чемпионатында I-орын жеңіп алды

  1. Басты бет
  2. Жаңалық
  3. Студентіміз Нұрай Нұрсадық «World Skills Kazakhstan-2019» чемпионатында I-орын жеңіп алды
oval logo bg w

«World Skills Kazakhstan 2019» V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында «11.11.2019-15.11.2019» аралығында өткен болатын. Бұл 38 жұмысшы мамандық арасында өткен шын шеберді анықтайтын Республикалық чемпионат.
Республикалық чемпионатта ең алғаш  «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі қатыстырылды. Еліміздің 14 облыс, 3 қаласынан жеңіске жеткен 11 сайыскер қатысты.
Республикалық чемпионат 3 күндік тартысты кезеңнен  тұрды.
I-күні  2 алаңда  «Үй жағдайындағы күтім- Стоманы күту» және  шет тілінде «Бронхиальды  астма.Үй жағдайында пациентті үйрету»  бойынша тартысқа түсті.
IІ-күні  2 алаңда  «Қант диабеті 1 типтегі – күндізгі күтім» және   «Медициналық мекеме жағдайында  дәлелді  күтімді (хосписте) орындау. Омыртқа ісігі, 3 кезең »  бойынша тартысқа түсті.
IІІ-күні  2 алаңда  «Үй жағдайындағы күтім- Паркинсон ауруы,  жүрек жетіспеушілігі» және   «Отадан кейінгі күтім-Аурухана. Сол аяқтың үлкен асықты жілігінің жабық сынығы»  бойынша тартысқа түсті.
Чемпионатқа жиналған қала, облыс бойынша барлық сайыскерлер бәсекеге қабілетті, кәсіби шеберліктері мол, өз мамандықтарының мықтылары.
Чемпионаттың нәтижесі бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, алдыға  суырылып шыққан  « Шын шеберге –тұсау жоқ!» -демекші эксперттердің әділ шешімі бойынша  Алматы қаласының намысын қорғаған, кәсіби біліктілігін жоғары дәрежеде дәлелдеген  «Республикалық жоғары медицина колледжінің» «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша  қызыл диплом иегері , 2018 жылдың түлегі Нұрсадық Нұрай Нұркенқызы  «Алтын»  медальді,  I-орынды жеңіп алды.
Алдағы уақытта Нұрай Дубай қаласында өтетін әлемдік чемпионатта    Қазақстан Республикасының атынан «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша ел намысын қорғамақ. Нұрайға тек қана сәттілік тілейміз!  Жеңіспен оралуына тілектеспіз!

Мемлекеттік символдар

Бөлім: Жаңалық
Система комментирования SigComments

Басқа мәліметтер

Артқа
Халықаралық студенттер күніне орай КВН ойыны өтті
Келесі
Қазақстанның 100 жаңа есім жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті
Перейти контентке