logos

Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл!

  1. Басты бет
  2. Жаңалық
  3. Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл!
bez nazvanija

Алаш көсемі — Әлихан Бөкейхановтың бүгін туған күні.

Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл!

«Өзге-өзге қазақ ұлтын сауаттандыру мен өркениетке жетелеу жолында Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновты алмастыратындай адам қазақ даласында жоқ болатын. Мұқым жұрт оларды ұлттың көсемі деп таниды». Белгілі жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай ағамыз «Ұраным Алаш» кітабында осылай жазыпты. Расында, бұл екі азамат ұлтқа қызмет етудің қайталанбас үлгісін көрсетіп кетті. Бүгін – ғұмырын қазаққа арнаған, ұлтының жарқын болашағынан үміт үзбеген, сол үміттің жолында үзіліп кеткен Алаш арысы, Алаш лидері Әлихан Бөкейханның туған күні!

Тұрсын ағамның кітабын оқып отырып, Әлихан Бөкейханның көзі ашық, білімді, өнерлі жастарға қамқорлығына таңғалдым әрі сүйсіндім. Бір ғана хатқа қараңыздаршы… Ол Дінше Әділовке былай деп хат жазыпты: «Бауырым Дінше! Хатыңды алдым. Қуанып қалдым. «Шолпанға, «Темірқазыққа» неге мақала жазбайсың? Сендей білімі бар (жастар) жазбаса, кім жазады? Не балаларға сабақ беріп, не журнал, газетке мақала жазып, Алашқа қызмет қылмасақ, не қазақ тілінде кітап жазбасақ – өзге жол бізге бөгелді ғой. Сүйдім. Ғали-Хан».

Сондай-ақ, Әміре Қашаубаев туралы Ахмет Байтұрсыновқа жазған хаты да Әлихан Нұрмұхамедұлының жүрегінің кеңдігін, қазақтың арасынан өнерлі, білімді жанды байқаса, шын қуанып, марқайып, мақтана алатын ірілігін көрсетеді.
«Біздің іздегеніміз – Алаштың аты бәйгеден келгені. Тірі болсақ, алдымызда үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болады», – деп жазыпты ұлт көсемі. Қазаққа пана болған қыр баласының, ел ағасының арманы орындалды. Қазақстан – тізгінді өзі ұстаған тәуелсіз мемлекет бола алды!

bez nazvanija
bez nazvanija

Мемлекеттік символдар

Бөлім: Жаңалық
Система комментирования SigComments

Басқа мәліметтер

Артқа
Анатомия әлемі студенттік ғылыми үйірмесі
Келесі
КВН құрама командасы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай концерттік бағдарлама қойды
Перейти контентке