logos

Колледж студенттері режиссер Еркін Рақышевпен кездесіп, "Көкжалдар" фильмін тамашалады

  1. Басты бет
  2. Жаңалық
  3. Колледж студенттері режиссер Еркін Рақышевпен кездесіп, "Көкжалдар" фильмін тамашалады
oval logo bg w
[:kk]Республикалық жоғары медициналық колледжінің 80 жылдығы аясында режиссер Еркін Рақышев ағамызбен колледж қабырғасында кездесу өтіп, “Көкжалдар” фильмі студенттер назарына ұсынылды.
Алматы қаласы және еліміздің бірнеше аймағында тұсау кесері өткен “Көкжалдар” фильмі әлі экранға шығып үлгерген жоқ. Кино жайлы қысқаша айтар болсақ, туындының көрерменге берері мол деуге болады. Көк бөрі кие тұтатын түркі халықтарының не үшін қасқырды пір тұтатыны осы кинода баяндалған. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның тізіміне енген “Ақсу-Жабағылы” қорығының әсем табиғаты түсірілген туынды, көрікті даламызды дәріптеуде де зор рөл атқарады деп ойлаймыз.
Бір сағаттан аса фильмді тапжылмай тамашалаған студенттеріміз кино көру барысында күлді де, көздеріне ерік беріп, жас алды да. Фильм аяқталып, кезек режиссермен сұхбат түрінде жалғасын тапты. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Еркін ағамыздан толықтай жауап ала алды.
[:]

Мемлекеттік символдар

Бөлім: Жаңалық
Система комментирования SigComments

Басқа мәліметтер

Артқа
Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған…
Келесі
"Республикалық жоғары медицина колледжінің" 80 – жыл толуына орай, спартакиада өткізілді
Перейти контентке