2021 жылғы педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз кеңесі онлайн форматта ұйымдастырылған шара

2021 жылғы педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз кеңесі онлайн форматта ұйымдастырылған шараға ЖШС «Республикалық жоғары медициналық колледж» ұжымы да қатысты. Тамыз кеңесі – Еліміздің оқытушылары, талантты әдіскерлері мен педагог-ғалымдарының салтанатты бас қосуы. Маңызды іс-шарада өткен оқу жылында жүргізілген үлкен жұмыстың нәтижелері бағаланып, анықталған проблемалар талқыланып, даму перспективаларын нақтыланады. Бүгінде мамандар үшін тек өз пәнінен сабақ беру жеткіліксіз. Ұстаздар қауымына жүктелген міндет пен қойылған талап әлдеқайда көп. Педагогтар шәкірттерін жетістіктерге жетелейтін бірден-бір тұлға. Сондықтан, заман мен уақыт талабына сай өзі де дамуы тиіс. Республикалық тамыз кеңесі де дәл осы тақырыпқа арналған

Жиында мектеп пен колледж мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру тақырыбы да кеңінен қозғалды. Республиканың ұлағатты ұстаздары өзара тәжірибе алмасып, тың әдістерімен бөлісті.

Кеңес шеңберінде БжҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің «Тәрбиелік орта: озық тәжірибелер мен даму стратегиясы» тақырыбында секциялық отырысы өтті. Отырыс мақсаты: «Тәрбие жұмысының, студенттердің жеке ерекшеліктерін дамытудың өзекті бағыттарын талқылау» болып табылды. Отырыс алаңында Білім беру ұйымдарында студент  жастардың дебаттық қозғалысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы негізіндегі тәрбие жүйесі, жастар арасындағы гендерлік зорлық-зомбылық аспектілері мен оның күресу жолдары сияқты тақырыптар  көтеріліп, аталған бағыттар бойынша жұмыстыұйымдастыру әдістерімен бөлісті.

Ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін-өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін – өзі үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастыра аламыз.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін

Осы орайда, еліміздің барлық ұстаздары – рухы биік, қадір мен құрметке лайық шығармашылық тұлға. Отбасыларыңызға ынтымақ пен бірлік, қызмет бабында толағай табыстар тілейміз! Игілікті істе қанаттарыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін!