logos

Кітапхана туралы

img 8344

Алматы қаласының  Республикалық жоғары медициналық колледжінің кітапханасы 1939 жылы құрылды.  Жалпы  кітап қоры 7000 дананы құрады (оқулықтар, көркем әдебиет және сөздіктер). Қазір кітапхана орта медициналық мамандарды даярлайтын, оқу-тәрбие үрдісін жаңа ақпараттар және  әдебиетермен  қамтамасыз ететін оқу ордасының негізгі бөлігі  болып саналады. Басқа бөлімшелер сияқты  кітапхана да оқу ордасымен бірге дамыды.

img 8358

Кітапханада оқырмандарды кітаппен қамтамасыз ету залы және интернетпен қамтылған 25 орындық оқу залы, сондай-ақ кітап қорын сақтау қоймасы бар.

img 8394

img 8339

Қазір кітапхана қоры кең көлемді, қазақстандық және ресейлік коллекциялармен жақсы жабдықталған  анықтамалық-библиографиялық аппарат, анықтамалықтар, энциклопедиялар, әртүрлі көркем әдебиет және мерзімді басылымдар жинақтарымен толықтырылған. Кітапхана қоры жылдан жылға көбеюде,  2021 жылдағы  кітапханана  қоры  80720 дананы құрайды. Олар:

– оқулықтар қоры;

– ғылыми әдебиет қоры;

– көркем әдебиет қоры;

– мерзімді басылымдар қоры (газеттер, журналдар);

– электронды кітапхана қоры  (сайт «Кеңесші – медициналық  колледж студенттеріне арналған, электронды оқулықтар (CD), планшеттер).

img 8406

Колледж студенттері, оқытушылары  мен қызметкерлері  кітапханана қызметін   белсенді қолданады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітап оқуға ынталандырады;  арнайы тақыптарға көрмелер ұйымдастырады, оқырмандардың  жалпы мәдениетін көтеру үшін әртүрлі іс-шараларды жүзеге асырады. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында кітапхана «Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе – РАБИС»  бағдарламасымен  кітапхананың қоры жасалып, алынған ақпараттармен  талдау жасалады.

img 8336

img 8347

img 8397

img 8351

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 797632f1-54c7-4202-85d9-741202e8e0bf.jpg

Кітапханада 2 қызметкер жұмыс жасайды: бөлім меңгерушісі және кітапханашы.

Гүлнар Кеңесқызы 1966 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын “Библиография және кітапханатану” мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылдың тамыз айынан бастап Республикалық жоғары медициналық колледжінде кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарады. Телефон: 8-778-463-6003

biblioteka.rvmk@mail.ru

Кітапхана туралы

Жүнісбек Гүлбара Нұрғалыққызы 1985 жылы қаңтарда дүниеге келген. 2009 жылы  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін бітірген. 2020 жылдың қаңтарынан Республикалық жоғары медицина колледжінде кітапханашы болып қызмет атқарады.

Телефон: 8-705-552-14-38

Перейти контентке