Жас мамандарды білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырып қана қоймай солардың негізінде жұмыстар атқарылу керектігін басты назарға алынатындығы ескертілді. Іс-шарада айтылған білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың қысқаша мазмұны көрсетілген.
Білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 23.07.2007 № 319-III
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (13.05.2016 жылы №292 бұйрықпен өзгертіліген және толықтырылған).
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі».
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік орта және Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік ережесі» (13.05.2016 жылы өзгертіліген және толықтырылған).
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» (05.10.2015 жылы өзгертіліген және толықтырылған).
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы».
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары» (18.01.2016 жылы өзгертіліген және толықтырылған).
[:]