logos

ЖАҢА ЖҮЙЕ – КЕЛЕЛІ МІНДЕТ

  1. Home
  2. News
  3. ЖАҢА ЖҮЙЕ – КЕЛЕЛІ МІНДЕТ
oval logo bg w
[:kk]Жас қазақ газетінің  №41 (717) 26 қазан 2018 жыл күні шыққан санынан.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мен елді мекен тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде мүмкіндігі мол мамандық – мейіргер ісі мамандары. Бүгінде білікті мейіргер ісі маманын дайындау – денсаулық сақтау саласының өзекті де маңызды мәселесі. Бұл түйінді тиімді шешудің жолы – медициналық білім берудің ең үздік тәжірибесін пайдалану. Алайда мейіргер ісі мамандарын даярлайтын оқу орындары уақыт талабына сай ма? Болашақ мейіргер ісі мамандарының білім алуы мен біліктілігін арттыру қалай жүзеге асырылып жатыр? Осы орайда Республикалық жоғары медициналық колледжінің Бас директоры Найля Бексауытқызы тілшіміздің сауалдарына жауап берді.
Jas qazaq: Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында медицина мамандарын (мамандығын) даярлау мен біліктілігін арттыруға баса назар аударылған. Өзіңіз басқарып отырған медициналық оқу орнында сапалы маман дайындау мәселесі қаншалықты жолға қойылған?

ЖАҢА ЖҮЙЕ – КЕЛЕЛІ МІНДЕТ
Найля Бексауытқыз   : Мейіргер – білімді әрі білікті, жоғары парасатты, адамгершілік пен жауапкершілікті қажет ететін ерекше мамандық. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауымен медицина саласының мамандарын даярлауға реформа
жасалғанын атап $ткім келеді. Ғасырға жуық тарихы бар медицина колледжі 1937 жылы акушерлік мектеп ретінде құрылып, жұмысын бастаған. Бүгінде еліміздегі маңдайалды
білім ордасы. Мұнда жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді, олардың арасында тәжірибелі ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен магистрлар бар. Қазір жаңа ақпараттар ауқымы кеңейді, кәсіби шеберлікке қойылатын талаптар мен науқастың құқығын сақтау мәселесіне қатысты талап күшейді. Осыған орай, мейіргер ісі мамандығын даярлауда жүйелі жұмыс жоспары құрылған. Медициналық білім беруді модернизациялаудың орта буын медициналық қызметтің рөліне жаңа талаптар қойылды. Осының барлығы медициналық білім беруді жаңа белеске көтеруге бағытталған. Ең бастысы – медицина мамандарын халықаралық стандарттарға сай даярлау. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің талабы бойынша Дүниежүзілік банктің қолдауымен халықаралық стандарттарға сәйкес мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау мақсатында 2014 жылы пилоттық жобада еліміздің 6 медициналық колледжі жоғары медициналық колледжі статусын алып, осы жобаны бастады. Білікті маман даярлау саясатын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы колледж ұжымы Финляндияның тәжірибесін алып, қолданбалы бакалавр дәрежесінде мамандар даярлау жүйесін пилотты режімде енгізді. Бұл да заманауи мамандар даярлауда іргелі бастама.
Jas qazaq: зіңіз атап $ткен қолданбалы бакалавр мамандарын дайындау жобасының ерекшелігіне тоқталсаңыз?
 
Найля Бексауытқызы  : Қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау жобасы біздің тараптан жан-жақты зерттелді. Колледж басшылығы мен білікті оқытушылардан құралған делегация
Финляндияға бірнеше рет іссапармен барып, сол елдің медициналық білім жүйесімен танысты. Нәтижесінде колледжіміз бен Финляндияның оқу орны арасында серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Тәжірибелік базасы мықты, жоғары білікті мейіргерлерді дайындау басталып кетті деп толыққанды айта аламыз. Мейірбикелерді даярлау жүйесі халықаралық тәжірибеге жүгіне отырып, еуропалық стандартпен сәйкестендірілді. 2014 жылдан бастап медициналық білімді жетілдіруге арналған финдік жүйе колледжімізде енгізіліп, студенттер жаңа оқу жүйесінің негізінде білім алуын бастады. Бұған дейін студенттер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылған. <леуметтік, экономикалық, гуманитарлық бағыттарға басымдық берілетін. Ал студенттердің тәжірибелік бағыты оқу уақытының 40 пайызын ғана құрайтын. Қолданбалы бакалавр жүйесінің негізгі мақсаты – тәжірибелік жағына баса назар аударылып, оқу уақытының 50 процентін құрады. Мейіргерлер тәжірибелік сабақтарын Алматыдағы қалалық ірі емдеу-сауықтыру мекемелерінде өткізеді. Онда студенттерге нұсқау к$рсететін модераторлар тағайындалады. Қолданбалы бакалавр дайындау мерзімі – 3,5 жыл. Сондай-ақ орта арнайы медициналық білімі бар мамандарды 1,5 жылдық жеделдетілген мерзіммен оқыту да қолға алынған. 2014 жылы пилоттық режімде енгізілген қолданбалы бакалавр жобасының алғашқы түлектері үстіміздегі жылы алғаш рет білім ордасынан мейіргер ісінің бакалавры мамандығын алып шықты. Бүгінде тұңғыш 49 түлектің барлығы медицина саласында жұмысын жалғастыруда.
Jas qazaq: Қазіргі таңда медицина саласын цифрландыруға баса назар аударылған. Осы бағытта колледжде цифрландыру мәселесі толыққанды шешімін тапты ма, болашақ мамандар бұл төңіректе қалай әзірленуде?
 
Найля Бексауытқызы  : Елбасы «Төртіншіөнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында медицинаны цифрландыру мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Соңғы жылдары медицина саласын цифрландыруға денсаулық сақтау министрлігі тарапынан елеулі істер атқарылып жатқанына куә болып отырмыз. Осы орайда біздің колледж компьютерлік жабдықтармен 100 пайыз қамтылғанын ерекше атап өткім келеді. Интернет жүйесі де толық іске қосылып, WIFI жүйесі де жұмыс істейді. Колледждің симуляциялық оқу орталығы заманауи робот манекендермен, сондай-ақ «зертханалық диагностика», «фармация», «тіс дәрігері» мамандықтары бойынша қазіргі заман талабына сай құрылғылармен жабдықталған. Анатомия кабинетіне сенсорлық 3D жүйеде жұмыс жасайтын «Пирогов үстелі» алынды. Сабақ беру технологиясында интерактивті тақталар кеңінен
қолданылады. Онлайн режімде вебинарлар, бейнесабақтар өткізу қолданысқа енгізілді.
Jas qazaq: Болашақ мейіргер ісі мамандығының жоғары білікті кәсіби маман иесі болуы оқу орындарындағы білім деңгейіне тікелей байланысты екені белгілі. Ал олардың жұмысқа орналасуы сіздердің тарапыңыздан қадағалана ма?
Найля Бексауытқызы: Студенттердің білімі және клиникалық дағдыларды меңгеруі жоғарылап келеді. Барлық медициналық оқу орындарының негізгі мақсаты – сапалы, бәсекеге
қабілетті маман дайындау. Жоғарыда атап $ткен финдік оқу жүйесінің тағы бір ерекшелігіне тоқталып өтейін. Бұрын мейірбике тек дәрігердің нұсқауымен жұмыс істейді деген стереотип болатын. Ал қазіргі таңда мейіргерлер дәрігердің серіктесі. Олар бір командада бірлесе жұмыс жасап, нәтижесінде толыққанды медициналық көмек көрсетуі қажет. Мейіргер ісі мамандары өз тарапынан мейіргерлік диагноз қойып, созылмалы ауруларды өз бетімен емдеуіне болады. Соңғы кезде дәрігерлер кейбір жүктемелерді мейіргерге бере алады. әрине, колледж үшін түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады. Сәуір айында бітіруші курс студенттері үшін диплом алдындағы 2 айлық тәжірибе басталады. Осы кезеңде колледжде «бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» ұйымдастырылып бітіруші курс студенттеріне Алматы қаласы бойынша
емдеу-сауықтыру мекемелеріндегі бос орындар туралы мәлімет беріледі. Ал қолына диплом алған студенттердің жұмысқа орналасуы үнемі колледж қадағалауында болады.
Jas qazaq: Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігіне маман ретінде пікіріңіз қандай?
  Найля Бексауытқызы: Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қолдаймын. Өйткені әрбір адам өзінің денсаулығына зор жауапкершілікпен қарайтын болады. Сонымен қатар жұмыс беруші де қызметкерлерінің денсаулығына алаңдайды. Медициналық сапалы қызмет алу үшін ең бастысы осы саланың дамуына қаржы тиімді жұмсалу керек. Еліміз міндетті сақтандыру жүйесін енгізу арқылы ең алдымен медицина саласына бөлінетін қаржыны көбейтуді көздеп отыр. Қаржы көбейсе, денсаулық саласындағы бірталай мәселе шешіліп, қызмет көрсетудің сапасы артады. Медициналық сақтандыру жүйесі осы секілді түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған жол.
Jas qazaq: Әрине, жақсы білім жастардың тұрмысымен де тікелей байланысты. Колледж тәлімгерлерінің жатақханамен қамтылуы қандай деңгейде?
 
Найля Бексауытқызы   : Елбасы еліміздегі студенттердің жатақханамен қамтылу мәселесін Жолдауында арқау еткен болатын. Колледжде тәлімгерлерді жатақханамен қамтамасыз етуге баса назар аударылған. Қазіргі таңда біршама тәлімгер жатақханамен қамтылған. Алдағы уақытта қосымша жатақхана салу колледждің жоспарында бар.
Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева[:ru]Жас қазақ газетінің  №41 (717) 26 қазан 2018 жыл күні шыққан санынан.

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева[:]

State symbols

Category: News
Система комментирования SigComments

Other info

Prev.
РЖМК 2018-2019 оқу жылындағы 1-курс студенттерін Студенттер қатарына қабылдады
Next
Training seminar held in the Central City Clinical Hospital
Skip to content