Зетрханалық диагностика

«Лабораториялық диагностика» бөлімі

Қаз ССР Союзнаркомздрав бұйрығының негізінде  Республикалық  фельшер- акушер  мектебінде  1946 жылдың  11 ақпанынан  70 адам  білімгері  бар медициналық  лаборант бөлімі  ашылған.

Бірінші  бітірушілері  20 лаборантты құраған. (1948ж) Бүгінгі таңда, жыл сайын 70-100 клиникалық лаборанттар бітіруде.

1948 жылдан «Лабораториялық  диагностика» бөлімінен  3500 клиникалық лаборанттар бітірді.

img 7978 1024x683 - Зетрханалық диагностика

Қазіргі таңда бөлімде 59 жоғары  білікті  оқытушылар  жұмыс  жасайды. Оның ішінде осы мамандық бойынша  медициналық және биологиялық  ғылым  кандидаттары  бар. Олар: Доскеева Р.А, Сарсенбаева М.З.

img 7999 1024x683 - Зетрханалық диагностика

img 7989 1024x683 - Зетрханалық диагностика

 

 

Бөлімде сабақтар оқыту-практикалық аудиторияларда, заманауи лабораториялық  құралдарды  қолдана отырып, өткізіледі: Микробиологиялық, (бактерологиялық) , биохимиялық, санитарлы-гигиеналық, клиникалық  лабораториялар.

img 7979 1024x683 - Зетрханалық диагностикаКлиникалық- диагностикалық  лабораторияларда  жұмыс  жыл  сайын  күрделенуде. Лабораториялық  зерттеулер сандық  өсумен  қатар, терең  сапалық  өзгерістерге  ұшырауда.  Медициналық  ғылым  және  техниканың дамуына  сәйкес, олар  жаңа әдістермен үздіксіз толықтырылады және әртүрлі күрделі  құралдарды қолданады.

Клиникалық- диагностикалық  лабораторияларда  практикаларға жаңаша  құралдарды енгізу,  мамандарды  сапалы  және жүйелі  түрде  жаңа құралдармен жұмыс жасауға үйрету, дайындау жоғары  дайындықты талап  етеді.

img 7991 1024x683 - Зетрханалық диагностикаСондықтан да, практикалық  сабақтарда   арнайы  клиникалық  жағдай анализдері  қолданылады,  білімгерлердің  өзіндік жұмысына шынайы жағдай жасалынады, негізгі  назар   кәсіби біліміне,  іскерлігіне  және орындай алуына көңіл бөлінеді.

25443321 846797038814297 1981543619900567254 n - Зетрханалық диагностика«Лабораториялық диагностика» бөлімінде жаңаша  заманауи технологиялық құралдар қолданылады:

Гематологиялық анализаторлар, спектофотометорлар, коагулолометрлер, зәр анализаторлары, тринокулярлы және бинокулярлы микроскоптар,  қанның ақтүйіршіктерін санайтын электрлі  счетчиктері, центрифугалар, электронды таразылар, жартылай автоматты биохимиялық анализаторлар,  портотивті биохимиялық анализаторлары және глюкометрлері, КФК, Пастер және муфель пештері және т.б.

kazan 111 - Зетрханалық диагностика

0305000  мамандығы : «Лабораториялық диагностика»

0305013  біліктілігі: «Медициналық лаборант»

Оқу мерзімі:

11 сыныптан кейін 2 жыл 10 ай

9 сыныптан кейін 3 жыл 10 ай

Бітірушілердің  кәсіби  мамандық  ауданы:

  • клиникалық, микробиологиялық және санитарлы- гигиеналық зерттеулерді жүргізу

Республикалық  Медициналық  колледжді  бітірушілер мамандықтары бойынша , мынандай жерлерде жұмыс жасайды:

  • республикалық мекемелерде, клиникалық-диагностикалық лабораторияларда;
  • жекешеленген клиникалық-диагностикалық лабораторияларда және т.б.

Мамандықтар бойынша оқу, өндірістік практикалар Алматы қаласының көпсалалы ауруханалары мен емханаларында жүргізіледі.

img 7935 1024x683 - Зетрханалық диагностика

«Зертханалық диагностика» бөлімінің меңгерушісі

Ельшибаева Бибигайша Абдуллаевна

- Зетрханалық диагностика