Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығы

Мониторинг орталығының құрылымына орта медициналық және фармацевтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау бойынша мемлекеттік  стандарттарына сәйкес,тыңдаушылар мен болашақ мамандардың даярлықтары бағаланатын, зертханалық және клиникаға дейінгі практика бөлмелері енгізілген.

Барлық бөлмелер қажетті заманауи тренажерлермен, манекендермен, медициналық құрал-жабдықтармен және құралдармен, желіге қосылған аудио-бейне аппаратуралармен жабдықталған. Орнатылған жасырын бейнекамера мен сезгі микрофон арнайы бөлмеде – «оператор бөлмесінде» не болып жатқанын бақылауға және естуге мүмкіндік береді.

Концепция мақсатының бірі оқу-әдістемелерін белсенді енгізуді жалғастыру мен клиникалық оқуда симуляциялық технологияларды пайдалану және стандартталған пациентті енгізу.

Дүние жүзінде «стандартталған пациент » әдісі кең қолданылуда.

Концепцияға сәйкес   келесі мамандықтар «Емдеу ісі », «Мейірбике ісі»,пәндер( мейірбике технологиялар негізі, ішкі аурулар, акушерия  және гинекология, хирургия, балалар аурулары ) бойынша аралық  және  қорытынды  аттестациялауда «стандартталған пациент»  әдісін енгізу тәртібін  белгілеген.

«Стандартталған пациент» – бұл арнайы дайындалған, аурудың белгілерін нақты орындайтын актер. Науқас – актер стандартты шағымдарды айтады және аурудың стандартты клиникалық белгілерін орындайды.

Сонымен қатар  заманауй  робот-симулятор , яғни «симуляциялық  пациент» тәжірибелік сабақтарда  қарқынды қолдануда

Білімгерлердің клиникалық дағдыларын пысықтау  және оны бағалауда «стандартталған пациент» әдісін  практикаға енгізу бірыңғай жағдай туғызады.

monitoring1 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring2 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring3 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring6 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring5 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring7 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring8 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring9 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring10 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring11 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring12 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығыmonitoring14 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығы

« Стандартталған пациент» – үйірмесі

Білімгерлердің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын жақсы меңгерулері үшін олар науқастармен палатада көбірек жұмыс істеулері қажет. Қазіргі кезде науқастар практикант білімгерлермен байланысқа түсуден бас тартады, олар біліктілігі жоғары дәрігерге қаралуды және өзіне жекедара күтімнің болуын талап етеді. Бұл жағдай білімгерлердің өз білімдерін практикада қолдануға кедергі жасайды. Ал кәсіби практикаға барғанда білімгерлерді науқастарға жіберу үшін ол барлық практикалық дағдыларды жетік меңгеруі қажет.

Сондықтан «Стандартталған пациент » әдісі практикалық дағдыларды үйрену,пысықтау және оны бағалау үшін қолданылуда.

Концепция мақсатының бірі оқу-әдістемелерін белсенді енгізуді жалғастыру мен клиникалық оқуда симуляциялық технологияларды пайдалану және стандартталған пациентті енгізу. Концепциясына сәйкес құрастырылып ( бұйрық №534 12.07.2011ж ҚР денсаулық сақтау министрімен бекітілген) іске асырылуда және келесі мамандықтар «Емдеу ісі », «Мейірбике ісі»,пәндер ( мейірбике технологиялар негізі, ішкі аурулар, акушерия және гинекология, хирургия, балалар аурулары ) бойынша аралық және қорытынды аттестациялауда «стандартталған пациент» әдісін енгізу тәртібін белгілеген.

Дүние жүзінде «Стандартталған пациент » әдісі кең қолданылуда. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Сапа білім мониторингі және симуляциялық технология орталығында «Стандартталған пациент» үйірмесі 2011-2012 оқұ жылынан бастап ұйымдастырылды.

«Стандартталған пациент» – бұл арнайы дайындалған, аурудың белгілерін нақты орындайтын актер. Науқас – актер стандартты шағымдарды айтады және аурудың стандартты клиникалық белгілерін орындайды.

monitor - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығы

Стандартталған пациенттің тәжірибелік сабаққа қатысуы

monitor 2 - Практикалық дағдыны мониторингтеу орталығы

Стандартталған пациент үйірмесінің жұмыс барысы