logos
Tatibekova A.M.

Татибекова А.М

Әдістемелік кеңестің төрайымы, директордың оқу және практикалық ісі жөніндегі орынбасары.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - yrysty-berekel-yzy-sureti-768x1024.jpg

Нурланова Р.Б.

ҚР медициналық колледждерінің кеңесшісі.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - anar-soltan-yzy-sureti-931x1024.jpg

Абжанова Ж.С.

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - madina-837x1024.jpg

Турсын М.А

Әдіскер

Ғылыми-әдістемелік орталық колледждегі әдістемелік жұмыс орталығы болып табылады.

Ғылыми-әдістемелік орталықтың жұмысы білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:

нормативтік, оқу-бағдарламалық, оқу-әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, педагог қызметкерлердің кәсіби қажеттіліктерін талдау.

Ғылыми – әдістемелік орталықтың қызметін директордың ғылыми – әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары бақылайды және жолдайды.

ҒӘЖ жұмыс жоспары оқу жылына әзірленеді, әдістемелік кеңестің отырысында қаралады және колледждің Бас директорымен бекітіледі.

Ғылыми-әдістемелік орталық білім беру және денсаулық сақтауды басқару органдарымен, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды қамтамасыз ететін мекемелермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Ғылыми – әдістемелік орталықтың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу.

Міндеттері:

  1. Оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру..
  2. Жаңа МЖМБС 2020ж бойынша пәндер мен кәсіби модульдердің жұмыс оқу бағдарламаларын, клиникалық практиканың оқу бағдарламаларын өзектендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  3. Оқулықтарды, оқу – әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық тасығыштарда әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
  4. Конференциялар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, семинарларды әдістемелік сүйемелдеу.
  5. Оқытушылардың біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау бойынша жұмыстарды үйлестіру.
  6. СҒЗЖ жұмысын ұйымдастыру.
  7. Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

Ғылыми-әдістемелік орталықтың оқу-әдістемелік қызметі:

– конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, консультациялар (жеке және топтық), педагогикалық оқулар, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлік конкурстары, білім алушылардың оқу-зерттеу жұмыстарының конкурстары және т. б. өткізу;

– педагог қызметкерлердің өздігінен білім алу қызметіне басшылық жасау;

– нұсқаулық-әдістемелік кеңестер өткізу;

– бастауыш мұғалім мектебін құру.

ҮЙЛЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІ

ҚР БҒМ “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы” бұйрығына сәйкес “Республикалық жоғары медициналық колледжі” ЖШС “Медицина, фармацевтика” бейіні бойынша ОӘБ болып белгіленді және мынадай іс-шараларды өткізеді:

– “Медицина, фармацевтика” ОӘБ құрамына кіретін медициналық колледждердің тізбесіне (базасына) толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

– мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық колледждер бойынша мамандықтар бөлінісінде түлектерді қабылдау, контингент, бітірушілер және жұмысқа орналастыру жөніндегі мәліметтерді (деректер жиынтығын) жаңарту;

– 8 медициналық мамандық бойынша ТиППО деңгейінің білім беру бағдарламасын іске асыратын өңірлер бөлінісінде Қазақстанның медициналық колледждерінің кадрлық әлеуетін жинау және талдау жүргізу;

– медициналық колледждердің қызметін реттейтін ҚР БҒМ, ҚР ДСМ нормативтік – құқықтық актілерінің жобаларын қарау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

– модульдік – кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Емдеу ісі”, “Мейіргер ісі”, “Гигиена және эпидемиология”, “Стоматология”, “Зертханалық диагностика”, “Фармация”, “Ортопедиялық Стоматология”, “Медициналық оптика” мамандықтары бойынша жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыру мәселелері бойынша оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

– Мейіргер ісі мәселелері жөніндегі ақпараттық хабаршыда жариялау үшін материалдарды қарау;

“Емдеу ісі”, “Мейіргер ісі”, “Гигиена және эпидемиология”, “Стоматология”, “Лабораторлық диагностика”, “Фармация”, “Ортопедиялық стоматология”, “Медициналық оптика” мамандықтары бойынша ҚР медициналық колледждерінің түлектеріне тәуелсіз емтихан өткізу үшін тесттердің сипаттамасын дайындау”;

– мамандықтар бойынша кәсіби конкурстарды ұйымдастыру және өткізу.

Циклдік әдістемелік комиссиялар

Циклдік әдістемелік комиссия ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны болып табылады және бірқатар ұқсас пәндер оқытушыларының бірлестігін білдіреді.

Циклдік-әдістемелік комиссияларға басшылықты неғұрлым тәжірибелі оқытушылар арасынан сайланған төрағалар жүзеге асырады. Циклдік әдістемелік комиссиялардың тізбесі, олардың төрайымдары және дербес құрамы оқу жылына арналған колледждің Бас директорының бұйрығымен бекітіледі.

Циклдік әдістемелік комиссия төрайымының негізгі міндеттері

  • Цикл оқытушыларының ғылыми-әдістемелік қызметін басқару.
  • Комиссияда ғылыми-әдістемелік жұмысты жобалау және жоспарлау.
  • Циклдік әдістемелік комиссияның жұмысын ұйымдастыру және талдау.
  • Циклдік әдістемелік комиссияның колледждің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және сыртқы әлеуметтік серіктестермен бірлескен жұмысын үйлестіру.
  • Білім беру процесіне инновацияларды енгізу бойынша жұмысты үйлестіру.
  • Циклдік әдістемелік комиссия бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізу.

Циклдік әдістемелік комиссия төрағасының функциялары

  • Колледж жарғысын, Ішкі оқу тәртібінің ережелерін сақтау.
  • ЦӘК әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және басқару.
  • ЦӘК отырыстарын өткізу.
  • ЦӘК-нің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын жасау. Оның орындалуын бақылау.
  • Кәсіби біліктілікті жүйелі түрде арттыру.
  • Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындау, еңбек және атқарушылық тәртіпті қатаң сақтау.
  • ЦӘК оқытушыларының кәсіби қызметіне мониторинг жүргізу.
  • Пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету оқытушыларының уақытылы және сапалы дайындығына бақылауды жүзеге асыру.
  • Оқытушыларды білім беру процесіне қажетті жаңа нормативтік және оқу – әдістемелік материалдармен жүйелі және уақтылы таныстыру.
  • Оқу процесіне заманауи педагогикалық технологияларды, оқытудың жаңа нысандары мен белсенді әдістерін енгізу. Оқытуда заманауи Робот – симуляторларды пайдалана отырып, симуляциялық орталықта оқытушылардың жұмысын бақылауды жүзеге асыру.
  • Оқыту сапасын бақылау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында колледж оқытушыларының сабақтарына қатысу және талдау.
  • Оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  • Меңгерушінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру, кабинеттер мен зертханалардың жарақтандырылуына мониторинг жүргізу.
  • Өзара сабақтарға қатысу кестелерінің орындалуына, бақылау және ашық сабақтардың өткізілуіне, оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми – зерттеу қызметіне бақылауды жүзеге асыру.
Конкурстың атауы Оқытушының аты-жөні Жетістік
“Лабораториялық диагностика” мамандығы бойынша “Үздік әдістемелік әзірлеме” республикалық қашықтық байқауы Сарсенбаева М.З. Диплом
Жусипбекова А.Ш Диплом
“Үздік әдістемелік әзірлеме” республикалық конкурсы Апиева Ж.И.
“Тамақтану гигиенасы” пәнінің оқытушысы
Диплом
“Аудиториядан тыс шаралардың ең үздік әдістемелік өңдеу” республикалық конкурсы Апиева Ж.И.
“Тамақтану гигиенасы” пәнінің оқытушысы
Диплом
“Үздік сабақ ” республикалық конкурсы Кубеева Ж.Б.
білім порталы “эрудит”
Диплом
“Сабақтың үздік әдістемелік әзірлемесі” республикалық конкурсы Апиева Ж.И.
“Тамақтану гигиенасы”пәнінің оқытушысы
Диплом
Республикалық ғылыми – практикалық конференция білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығы
Индершиева Е.В. стоматологиялық пәндер оқытушысы
Диплом
“Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа тұрғылар” республикалық конкурсы
Индершиева Е.В.
стоматологиялық пәндер оқытушысы
Диплом
“Санитарлық – гигиеналық зерттеу техникасымен гигиена” пәні бойынша “Үздік бейнесабақ” республикалық конкурсы
Сарсенбаева М.З. Диплом
Апиева Ж.И. Диплом
“Клиникалық-зертханалық зерттеу әдістері” пәні бойынша “Үздік бейнесабақ” республикалық конкурсы
Баймаганбетова С.С. Диплом
Үздік бейнесабаққа арналған республикалық байқау – “медициналық зертханашы-21 ғасыр мамандығы»
Сарсенбаева м.з.
Шүкібай А.Б.
Диплом
“Зертханалық диагностика” мамандығы бойынша “Үздік әдістемелік әзірлеме” республикалық конкурсы
Аубакирова А.Ш. Диплом
“Педагогика және оқыту әдістемесі” республикалық конкурсы
Жусипбекова А.Ш. Диплом

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Колледж 4 облыс бойынша Финляндия қолданбалы ғылымдар университетінің халықаралық сарапшыларының қатысуымен (оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру, кеңес беру және студенттердің қатысуы, клиникалық базалармен байланыс, мейіргер ісіндегі көшбасшылық) “мейіргерлерді даярлаудағы Медициналық білім беру ұйымдарының озық тәжірибесі” республикалық конкурсына қатысты, 2 облыс бойынша дипломдармен марапатталды.

marapat
marapat2

2018 жылы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасында “медициналық колледждің үздік оқытушысы” конкурсы өткізіліп, “Зертханалық диагностика” бөлімінің оқытушысы М.З. Сәрсенбаева 1 орынға ие болды.

diplom
diplom2

Стоматологиялық пәндер оқытушысы Индершиева Е. В. “білім беру ісінің үздік педагогы 2020” республикалық байқауына қатысып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды

diplom3

Перейти контентке