Үздіксіз білім беру орталығы

 

IMG 4803 683x1024 - Үздіксіз білім беру орталығы

Қымбатты достар !

Біз Сізге орта медициналық  және фармацевтік  қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі  Республикалық  медицина колледжі сайты аясындағы үздіксіз білім беру Орталығының  парақшасына кіргеніңізге алғыс білдіреміз.

Қазіргі заманда үздіксіз білім беру қоғамның жеке тұлғалық  дамуының  әлеуметтік, экономикалық құралы ретінде түсіндіріледі.

Жаңа медициналық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта медициналық мамандардың біліктіліктілігін арттыру және қайта даярлау сұрақтары өзекті болып табылады. Еңбек тиімділігі мен мейірбике  қызметі сапасы маманның кәсіби мінсіздігіне тәуелді және маманның теориялық білімімен практикалық дағдыларын әрдайым жетілдіруін талап етеді. Сапалы медициналық көмек көрсету медициналық кадрлардың дипломнан кейінгі кезеңінде білім алуынсыз, кәсіби тұрғыдан дамуынсыз мүмкін емес.

РЖМК аясындағы үздіксіз білім беру  Орталығы 20 жылдан аса уақыт бойы орта медициналық және фармацевтік білімі бар мамандардың дипломнан кейінгі дайындық сұрақтарымен мәселелерін сәтті шешіп келеді, республикамыздағы тұтынушылардың қажеттіліктеріне икемді жауап беруші , алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі.

Оқу үрдісі Орталықтың білікті оқытушыларымен және тәжірибелік денсаулық сақтаудың жетекші мамандарымен жүзеге асырылады.

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ:

– бірыңғай ақпараттық және ғылыми – әдістемелік кеңістік негізінде  орта медициналық және фармацевтік білімі бар мамандарға үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру;

– оқу үрдісіне инновациялық тәжірибеге бағытталған (симуляциялық) технологияларды енгізу және қолдану;

– жаппай білікті кадрларды кәсіби тұрғыда оқудан өткізу

Біз республикамыздағы медициналық колледждердегі оқытушылық құрам мен орта медициналық және фармацевтік білімі бар кадрларлардың қосымша кәсіби біліміне байланысты сұрақтар бойынша тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз!

Құрметпен,

Директордың біліктілікті арттыру ісі жөніндегі орынбасары Сахова Гулдан Кыдыралиевна

g.kydyralievna - Үздіксіз білім беру орталығыСахова Гулдан Кыдыралиевна

Бас директорының біліктілікті арттыру жөніндегі орынбасары

1974 жылы дүниеге келген. 1998 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылдың қыркүйегінен бастап Республикалық орта медициналық және фармацевтік мамандарды даярлау және қайта даярлау колледжінде қызмет атқарады: 02.09.2002 жылдан 2008 жылдың қазан айына дейін «Гигиена санитарлы – гигиеналық зерттеулердің әдістерімен» пәнінен оқытушы, 14.10.2008 жылдан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін «Лабораторлы диагностика» бөлімінің меңгерушісі, 01.09.2010 жылдан бастап біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі,  2018 жылдың қаңтар айынан бастап директордың біліктілікті арттыру ісі жөніндегі орынбасары.

IMG 20171227 093924 1 768x1024 - Үздіксіз білім беру орталығы

Нурымбетова Жанар Данияровна

Үздіксіз білім беру орталығының жинақтау бойынша маманы

1973 ж. 9 наурызда туылған. Орта мектепті 1990ж. бітірген. 1990-1992ж. аралығында Шымкент қ. КООП техникумды бітірді. 2014 ж. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін “Педагогика және психология” мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылдан бастап орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі Республикалық колледжінде қызмет жасайды.

Тұрмыста, екі баласы бар.

Үздіксіз білім беру орталығымен байланыс  телефондары +7(727)291-16-62 (вн.138,139,140),үздіксіз білім беру бойынша директордың орынбасары +7(727)2-91-95-08, e-mail.: sahova_guldan@mail.ru

Коммерциялық ұсыныс