Директор орынбасарлары

aijan musakulovna - Директор орынбасарларыТатибекова Айжан Мусакуловна

 Бас директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

1960 жылы туған. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген. 1999-2011 жылдары терапия оқытушысы болып істеген. 2011 жылдан бастап Республмикалық жоғары медициналық колледжі Бас директорының практикалық оқыту жөніндегі орынбасары. 2019 жылдан бастап Бас директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

anar soltan yzy sureti 931x1024 - Директор орынбасарлары

Абжанова Жанар Солтановна

Бас директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

1979 жылы туған. 2001 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің  педиатрия мамандығын бітірген. 2002 жылы “Педиатрия” мамандығы бойынша интернатурадан өткен. 2018 Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жылы 6М110100 “Медицина” мамандығы бойынша денсаулық сақтау магистрі

2002 жылдан бастап Республикалық жоғары медицина колледжінде еңбек етуде.

2002 -2009 жыл – “Ішкі аурулар” пәні оқытушысы

2009-2010 жыл – “Мейіргер ісі ” бөлімінің меңгерушісі

2010-2013 жыл – практикалық оқыту бойынша меңгеруші

2013-2020 жыл – ғылыми – әдістемелік орталық басшысы

2020 жыл – Бас директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Марапаттары Алғыс хат – “Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі адал еңбегі үшін” – 2012ж. Төс белгі –  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» – 2016ж. Төс белгі – “Медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін” – 2020 ж

img 7963 1024x683 - Директор орынбасарлары

Сахова Гулдан Кыдыралиевна

Бас директорының біліктілікті арттыру ісі жөніндегі орынбасары

1974 жылы дүниеге келген. 1998 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылдың қыркүйегінен бастап Республикалық орта медициналық және фармацевтік мамандарды даярлау және қайта даярлау колледжінде қызмет атқарады: 02.09.2002 жылдан 2008 жылдың қазан айына дейін «Гигиена санитарлы – гигиеналық зерттеулердің әдістерімен» пәнінен оқытушы, 14.10.2008 жылдан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін «Лабораторлы диагностика» бөлімінің меңгерушісі, 01.09.2010 жылдан бастап біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі,  2018 жылдың қаңтар айынан бастап директордың біліктілікті арттыру ісі жөніндегі орынбасары.

IMG 4585 1024x683 - Директор орынбасарларыТалғат Сағатұлы Жанысбаев

Бас директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1987 жылы туған.  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің “Тарих және құқық” факультетін тарих мамандығы бойынша бакалавр мен магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын: 2009 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған “Жас ұлан” киностудиясының кастинг директоры, 2010 жылы әкімшілік директоры;

2011 ж.«Жастар үні» Жастар қоғамдық бірлестігі төрағасынын орынбасары.

2014 ж. «Жастар үні» Жастар танымдық журналы мен «Болашақ жасар» газетінің журналисі;

2015 ж. «Arhar.kz» ақпараттық сайтының Веб- редакторы;

2016-2017 ж. «Болашақ жасар» қоғамдық-саяси Республикалық жастар газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды;

2017 ж. бастап бүгінге дейін Республикалық Жоғары медициналық колледжі Бас директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Қосымша мәлімет:

Республикалық  телеарналарда көрсетілетін «Айтуға оңай.», «Сана», «Қарекет», «Астарлы ақиқат» және т.б. 50 ден астам телебағдарламалар мен ток-шоуларға саясаттанушы және сарапшы ретінде тұрақты түрде қатысады.

2016 жылдың 1-желтоқсанында ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен алғашқы Республикалық Жастар форумына қатысқан.