logos

«Стоматология» кафедрасы

img 20200612 102819 965

Кусаинов Амангельды Мукушпаевич

Республикалық жоғары медициналық колледжі «Стоматология» кафедрасының меңгерушісі

1965 жылы туған. 1991 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының «Стоматология» мамандығында, 2008 жылы Экономика және құқық академиясын «Юриспруденция» мамандығы бойынша, 1996-1998 жылдары  Қазақ Ұлттық медициналық университетінде клиникалық ординатураны «Хирургиялық стоматология» мамандығы бойынша бітірген. 1998 және 2004 жылдар аралығында Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі Республикалық колледжінде стоматология пәні бойынша оқытушы болып еңбек етті. 2004 жылдан бүгінге дейін Республикалық жоғары медициналық колледжі «Стоматология»  кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі»  және  «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төстік белгілерімен марапатталған.

“Мейіргер ісі” Бөлімі

ba dag l azhyken yzy
Бағдагүл Қажыкенқызы Зейнолдина

Зейнолдина Багдагүл Қажыкенқызы еңбек жолын 1994 жылы, Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетін аяқтап, 2005 жылға дейін дәрігер-невропатолог қызметінде болды.

2005 жылдан бастап Республикалық медициналық колледжде «Жалпы медициналық пәндер» ЦӘК оқытушысы, ЦӘК төрағасы, «Жалпы медицина» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Перейти контентке